Атырау, 24 желтоқсан 06:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Таразда полиция подполковнигі әшкереленген бейнежазбадан соң жұмыстан босатылды

Бейнежазба
2 184 рет қаралды


Таразда ішкі істер органдарынан қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшысы подполковник У. Сексенбаев қызметтік тәртіпті қатаң бұзғаны үшін жұмысынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Биыл 5 қаңтарда әлеуметтік желілерде полиция қызметкерінің қызметтік автокөлігмен мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасағаны туралы бейнежазба тараған болатын. Бейнежазбада полиция қызметкерінен көлікті өшіріп, аты-жөнін айтуын сұрайды. 

Одан соң көліктің нөмірін бейнежазбаға түсірген. Полициядағылардың мәліметінше, қызметтік тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде полиция подполковнигі қызметтік тәртіпті бұзғаны және жол-көлік оқиғасына себеп болғаны үшін ішкі істер органдарынан қуылды. 


"Оған қоса полицейдің тікелей басшылары, яғни Жамбыл облысының ПД ЖПҚ мен Тараз қаласының басқарма полициясы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Дереккөз: tengrinews.kz

11 қаңтар 2019, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.