Атырау, 18 қаңтар 16:11
Кешке ашық-9, түнде -9
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 376.60  € 429.06  P 5.66

​Сотталушы Денис Теннің өліміне дейін бір күн бұрын пышақ сатып алған

10 қаңтар 16:37


Сотталушы Арман Құдайбергенов Денис Теннің өліміне дейін бір күн бұрын пышақ сатып алған. Бұл туралы сотта белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. 

Іс бойынша Жанар Толыбаева, Нұралы Қиясов және Арман Құдайбергенов өтіп жатыр. Суық қару былтыр шілденің 17-нен 18-не қараған түні алынған. Қылмыс 2019 жылы 19 шілдеде болған. 

"Бізге құқық қорғау органдарынан сұраныс келіп түсті. Онда бізде пышақтардың штрих-кодымен сатыла ма деген сұрақ қойылған. Біздің кешен толықтай бейнебақылау камераларымен қамтылған. Біз барлығын тексеріп шығып, осындай пышақтың сатылғанын анықтадық. Видеодан сотталушы Арман Құдайбергеновты таныдым. Мен оның белгісіз көлікпен түнгі уақытта келгенін көрдім. Көліктен үш адам шықты. Басқа жігіт қызбен тұрақта қалды", - деді Magnum Cash & Carry қауіпсіздік қызметінің басшысы Арман Шәріпов. 

Оның айтуынша, сотталушы Құдайбергенов ас үй пышақтары сатылатын бөлімге барған. Сонда ол бес-жеті минут тұрған. Құдайбергенов ұзындығы 10 сантиметрлік пышақ алып, қолғаптар сататын бөлімге барған. 

"Ол жерден қолғап алған. Кассаға келіп, пышақ, қолғап және сағыздың ақшасын төлеген. Қалай шықты, солай барлығы кетіп қалды", - деді Шәріпов. 

Осыған дейін Сұлтан Қиясовты осы іс бойынша куәлік беругеуге шақыртылғаны хабарланды. Алайда ол өз інісіне қарсы келмеуді шешіп, куәлік беруден бас тартты. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 214-бабына ("Куәгер жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын әшкерелейтін қарсы айғақтар беруден бас тартуға құқылы") сәйкес куәлік беруден бас тартуға болады. 26 жастағы Сұлтан Қиясов мәнерлеп сырғанаушының өліміне күдікті Нұралы Қиясовтан екі жас үлкен. 

Осыған дейін, Денис Тен пышақ жарақатын алған уақытта оқиға орнына бірінші болып жеткен полицейлер сотта куәлік етті. Оның жетістігі біреуге кедергі болған шығар - Денис Теннің анасы Арман Құдайбергенов ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 2-тармағы ("Ұрлық") бойынша, 192-баптың 2-бөлігі 1,4-тармақтары ("Қарақшылық") бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары ("Адам өлтiру") бойынша айыпталып жатыр.  Нұралы Қиясов ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі 1, 4 -тармақтары ("Ұрлық") бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары ("Адам өлтiру") бойынша айыпталып жатыр. Жанар Толыбаева ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 1-тармағы ("Ұрлық") бойынша және 434-бап бойынша ("Қылмыс туралы хабарламау") айыпталып жатыр. Жай көлік айнасын ұрлау екеніне сенбедім - Денис Теннің анасы Қылмыстық іс 38 томнан тұрады. Еске салайық, биыл 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. 

Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды. 

Адвокат: Денис Тен тапсырыспен өлтірілді Кейінірек Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылатыны хабарланған еді. Сондай-ақ, оған "Халық қаhарманы" атағын беру ұсынылған болатын. Сондай-ақ, мұның алдында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Денис Теннің өлімі бойынша жүргізілген тергеудің аяқталғанын мәлімдеген еді.

Дереккөз: tengrinews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

232 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет