Атырау, 14 қаңтар 06:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Қарағандыдағы кісі өлімі: Күдікті Гурурян ұсталды

1 914 рет қаралды


Қарағандыда 1 қаңтарға қараған түні бұзақылық әрекет жасады және адам өлтірді деп күдікке ілінген армениялық Нарек Гурурян ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ сыртқы және ішкі коммуникация департаментінің директоры Алмас Сәдубаев мәлімдеді, - деп хабалайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін Қазақстан ІІМ криминалдық полиция қызметкерлері Ресейдің құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, Омбы облысының территориясынан Қарағандыда 1 қаңтарға қараған түні бұзақылық әрекет жасады және адам өлтірді деген күдікке ілінген армениялық Нарек Гурурянды ұстады", - деп хабарлады Сәдубаев.  

Оның айтуынша, қазіргі уақытта күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр. Нарек Гурурян 1997 жылы туған, оған 3 қаңтарда халықаралық іздеу жарияланған. Оның суретін құқық қорғау органдары таратқан еді.  

ІІМ өкілдерінің айтуынша, Гурурян Ресейге 1 қаңтарда қашып қалған.

Дереккөз: tengrinews.kz

10 қаңтар 2019, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.