Атырау, 14 қаңтар 06:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

​230 мың теңге: Сұлтанов Астанада орташа жалақыны атады

1 828 рет қаралды


Астана әкімі Бақыт Сұлтанов қалалықтардың орташа жалақы мөлшері қанша екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қала басшысы 1998 жылдан бері жұмыссыздық деңгейі 12,8 пайыздан 4,5 пайызға дейін төмендеген. Бұл - республикадағы ең төменгі көрсеткіш.  

"Егер 20 жыл бұрын орташа айлық мөлшері 10 мыңға да жетпейтін болса, бүгінде 230 мың теңгеден асады", - деді Сұлтанов қала активімен өткізген жиналыста.  

Әкім әлеуметтік инфрақұрылым ауқымды жобасының құрылысы аясында 20 жылда 20-дан аса республикалық және қалалық денсаулық сақтау нысандары және 30-дан аса балабақша мен мектептер салынғанын атап өтті.  

Әкімнің айтуынша, осы жылдардың аралығында қала көлемі 3 есе ұлғайған, тұрғын үй құрылысы 19 есе көбейген, халық саны 4 есе көбейді. 

Дереккөз: tengrinews.kz

9 қаңтар 2019, 10:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.