Атырау, 24 желтоқсан 05:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Назарбаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

1 846 рет қаралды


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Рождество мерекесімен құттықтады деп хабарлайды Ақорда сайты.

Қымбатты отандастар!

Барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!

Бұл – жақсылық пен әділдікті, жақын жандарға деген мейірім мен сүйіспеншілікті дәріптейтін, жоғары гуманистік идеалдарға деген сенімді нығайтатын мейрам.

Қазақстандықтар бір-бірін басты рухани мерекелермен құттықтай отырып, әркімге түсінікті және әр адамның жанына жақын адами құндылықтардың тұтастығын танытады.

Біздің азаматтарымыз бәрімізге ортақ бейбітшілік, бірлік, конфессияаралық келісім және басқа да көптеген маңызды жетістіктерімізді мақтан ете алады.

Бүгінде түрлі дін өкілдері өзара түсіністікті нығайтуға және қазіргі Қазақстан қоғамының тұрақты дамуына елеулі үлес қосуда.

Бәріңізге шын жүректен зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке тілеймін!

7 қаңтар 2019, 13:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.