Атырау, 24 желтоқсан 05:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Астанада жылытылатын аялдаманы қиратқан жігіт өз әрекетін түсіндіріп берді

Бейнежазба
2 227 рет қаралды


Астана полицейлері 2 қаңтарда жылытылатын аялдаманың шыны есігін теуіп сындырған ер адамды ұстады. Ер адам кінәсін мойындап, өз әрекетін түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Жедел-іздестіру шаралары барысында Байтұрсынов көшесінде орнатылған павильонның есігін теуіп сындырған Түркістан облысының 22 жастағы тұрғыны ұсталды. Ер адамның айтуынша, ол 2 қаңтарда сүйіктісін үйіне шығарып салған, алайда аялдамада олар жанжалдасып қалған. Нәтижесінде ол ашуланып, есікті теуіп жіберген", - деп хабарлады ведомстводағылар. 

Ер адам видеода астаналықтардан кешірім сұрап, келтірілген шығынды өтеуге уәде береді. 


Еске салайық, мұның алдында Астанада ер адамның жылытылатын аялдаманы қиратып жібергені хабарланған болатын. Астана әкімдігінің өкілдері видеоның Алматы аудандық полициясына жіберілгенін және осы дерекке қатысты әкімшілік іс қозғалғанын айтқан еді.

Дереккөз: tengrinews.kz

5 қаңтар 2019, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.