Атырау, 14 қаңтар 07:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

​Қуандық Бишімбаев Шымкентке ауыстырылады

1 844 рет қаралды


Сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевты Шымкенттегі қауіпсіздігі орта деңгейлі мекемеге ауыстырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

"Жоспарлы бекітуге сәйкес, сонымен қатар сотталушы Қуандық Бишімбаев адвокаты мен туыстарының өтініш хатын ҚАЖ комитеті қанағаттандыруына байланысты Шымкентте орналасқан қауіпсіздік деңгейі орташа ИЧ-167/3 мекемесіне жазасын өтеуі үшін ауыстырылады", - делінген ҚАЖК хабарламасында, редакцияның ресми сауалнамасына жауап ретінде.  

Сондай-ақ, комитеттегілер сотталушының ары қарай жазасын өтеу орнын шешу үшін ҚАЖ өңірлік департаменті айналысатыны айтды. Ауысу кезінде сотталушының мүддесі ескеріледі. 

Бишімбаевқа қауіпсіздігі минималды мекемеге ауысуға рұқсат берілмеді. Экс-министр жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады. Мұндай шешімді Төле би аудандық соты шығарды. 

Дереккөз: tengrinews.kz

4 қаңтар 2019, 15:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.