Атырау, 14 қаңтар 07:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

​Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі желтоқсанда 26 440 теңге болды

1 984 рет қаралды


Қазақстанда 2018 жылдың желтоқсан айында жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 26 440 теңгені құрады. Бұл өткен айдағыдан 1,3 % аз (қараша айында - 26 108 теңге), деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Негізгі азық-түлік өнімдерінің ең аз нормалары бойынша есептелген, ең төменгі күнкөріс деңгейінің жан басына шаққандағы орташа мөлшері 2018 жылғы желтоқсан айында 2017 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 3,3 % артқан.

Өткен айда ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымында: ет пен балыққа шығындардың - 20,5%, сүт, май өнімдері және жұмыртқаға - 16,3%, көкөністер мен жемістерге - 8,3%, нан өнімдері мен жарма өнімдеріне - 7,6%, қант, шай және дәмдеуіштерге - 2,3% жұмсалған.

Дереккөз: inform.kz

4 қаңтар 2019, 15:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.