
Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі комитетінің Атырау облыстық департаменті ҚР Президентінің коммуналдық қызметтердің тарифтерін төмендету туралы тапсырмасын орындау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпаратты ұсынды.
Хабарламаға сәйкес, жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық коммуналдық қызметтер: сумен қамту, су бұру, жылумен қамту және газбен жабдықтау тарифтері төмендетілді.
«Атырау жыл жүйелері» АҚ - жылу энергиясын беру және бөлу жөніндегі реттелетін қызметтер бойынша бір гигакалория үшін 4 658,43-тен 4 418,48 теңгеге дейін (5,2% -ға төмендеді).
«Атырау жылу электр орталығы» АҚ – жылумен қамту жөніндегі реттелетін қызмет бойынша бір гигакалория үшін 6 367,41-ден 6 106,35 теңгеге дейін (4,1%-ға төмендеді). Соның ішінде, тұрғындар үшін орташа босату тарифі бір гигакалория үшін 4 449,41-ден 4 204,69 теңгеге дейін (5,5%-ға төмендеді), атап айтқанда: үйге ортақ жылу энергиясы есептегіші бар тұтынушыларға бір гигакалория үшін 4 178,33-тен 4 096,85 теңгеге дейін (1,95%-ға төмендеді);
Жылу энергиясы есептегіші жоқ тұтынушыларға бір гигакалория үшін 5 339,29-дан 5 045,63 теңгеге дейін (5,5%-ға төмендеген);
Тозығы жеткен, апатты және барак түріндегі үйлерде тұратын тұтынушыларға бір гигакалория үшін 4 449,41-ден 4 204,69 теңгеге дейін (5,5%-ға төмендеді);
Басқа тұтынушылар үшін орташа босату тарифі бір гигакалория үшін 11 320,5-тен 10 741,09 теңгеге дейін (5,12%-ға төмендеді), соның ішінде:
Жылу энергиясы есептегіші бар тұтынушылар үшін бір гигакалорияға 9 922,32-ден 9 704,42 теңгеге дейін (2,2%-ға төмендеді);
жылу энергиясы есептегіші жоқ тұтынушыларға бір гигакалория үшін 16 980,76-дан 16 111,63 теңгеге дейін (5,12%-ға төмендеді);
тозығы жеткен, апатты және барак түріндегі үйлерде тұратын тұтынушыларға бір гигакалория үшін 11 320,5-тен 10 741,09 теңгеге дейін (5,12%-ға төмендеді).
«Атырау су арнасы» КМК – сумен қамту бойынша реттелетін қызметке бір текше метр үшін 167,76-дан 159,37 теңгеге дейін (5%-ға төмендеді), соның ішінде:
Тұрғындарға бір текше метр үшін 97,50-ден 92,63 теңгеге дейін (5%-ға төмендеді);
Басқа тұтынушыларға бір текше метр үшін 307,69-дан 291,63 теңгеге дейін (5,22%-ға төмендеді).
Су бұру қызметіне бір текше метр үшін 69,87-ден 66,38 теңгеге дейін (5%-ға төмендеді), соның ішінде:
Тұрғындарға бір текше метр үшін 32,0-ден 30,40 теңгеге дейін (5%-ға төмендеді);
Басқа тұтынушыларға бір текше метр үшін 140,64-тен 135,75 теңгеге дейін (3,48%-ға төмендеді).
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ АӨФ – тауар газын бөлшек сату қызметіне бір текше метр үшін 7 269,63-тен 7 171,49 теңгеге дейін (1,35%-ға төмендеді);
Тұрғындар үшін жылу энергиясын өндіру қазандықтарына тариф бұрынғыша, мың текшеге 7 269,63 теңге болып қалды;
Кзаңды тұлғалардың қазандықтарына мың текше метр үшін 17 683,42-ден 17 492,44 теңгеге дейін (1,08%-ға төмендеді);
Бюджет мекемелеріне – мың текше метр үшін 20 550,6-дан 20 328,43 теңге дейін (1,08%-ға төмендеді).
Сондай-ақ, «Атырау ЭнергоСату» ЖШС-нің электр энергиясының бағасы 2018 жылдың 20 қарашасынан бастап келесі көлемде төмендетілді:
Орташа босату тарифі – бір киловатт-сағат үшін 13,85-тен 13,19 теңгеге дейін (4,77%-ға төмендеді);
Жеке тұлғалар үшін орташа босату тарифі бір киловатт сағат үшін 4,51-ден 4,35 теңгеге дейін (3,55%-ға төмендеді);
Заңды тұлғалар үшін орташа босату тарифі бір киловатт сағат үшін 17,96-дан 17,10 теңгеге дейін (4,79%-ға төмендеді).
Алайда «Атырау Энергосату» ЖШС монополияға қарсы органның бұл шешімімен келіспеді. Қазіргі уақытта Атырау облыстық экономикалық сотында сот процесі жүріп жатыр.
Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
В Атырау 0