Атырау, 24 желтоқсан 08:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Мысырда туристік автобус жарылды: Зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

2 140 рет қаралды


29 желтоқсан күні кешке Мысырда туристер мінген автобус жарылды. Салдарынан бірнеше адам қаза тауып, 10-ға жуығы жарақаттанды. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінен мәлім еткендей, мерт болғандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА. 

Еuronews.com-ның хабарлауынша, Гизадағы пирамидалар кешенінен 4 шақырым жерде автобусқа лаңкестер шабуыл жасаған. 

«Қуатты жарылыс болды. Ол кезде біз үйде едік. Жараланғандарға көмектесуді шештік. Бізге көршілеріміз қосылды. Артынша жедел жәрдем мен өрт сөндірушілер, полицейлер де жетті», - дейді оқиға куәгерлерінің бірі Махмұт. 

Әзірге теракт үшін жауапкершілікті ешбір топ өз мойнына алған жоқ. Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккендерді әл-Харам ауруханасына алып кеткен. Ел үкіметі Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қауіпсіздікті күшейту мақсатында қосымша шаралар қарастыра бастады.  

Дереккөз: inform.kz

29 желтоқсан 2018, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.