Атырау, 24 желтоқсан 04:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Назарбаев Трамп жайлы: Әрекеттері тіпті АҚШ тұрғындарының канонын бұзды

1 993 рет қаралды


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Дональд Трамптың әрекеті АҚШ тұрғындарының үйреншікті қағидаларына келмейді деп санайды. Бұл туралы Назарбаев қазақстандық БАҚ өкілдерімен кездесуі барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Назарбаев осы ретте Трамппен АҚШ-та 2018 жылдың қаңтарында өткен кездесуге қатысты пікір білдірді. 

"Бұл кездесудің историзмі біздің АҚШ-тың жаңа әрі ерекше президентімен кездесуімізде болды. Трамптың әрекеттері штат тұрғындарының үйреншікті қағидаларына келмейді. Оның БАҚ-қа деген қарым-қатынасы ерекше. Президенттер бұлай істемейтін", - деді Қазақстан Президенті. 

АҚШ президентінің БАҚ-тармен қарым-қатынасы эмоционалды екені белгілі. Трамп Twitter желісіндегі парақшасында басылымдарды сынға алып, оларды "жалған БАҚ-тар" деп жиі жазып тұрады. 

Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа ресми сапармен 16 қаңтарда барған болатын.

Дереккөз: tengrinews.kz

28 желтоқсан 2018, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.