Атырау, 14 қаңтар 09:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

​Қазақстанда көкөністер қымбаттап кетті

3 594 рет қаралды


Еліміздегі базарларда көкөністер, балық және тауық еті қымбаттаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom агенттігінің сарапшыларына сілтеме жасап. 

Сарапшылардың айтуынша, қияр 45,8 пайызға, ал қызанақ 32,8 пайызға қымбаттап кеткен. Сондай-ақ, орамжапырақтың 18,3 пайызға қымбаттағаны айтылады. Мамандардың сөзіне сүйенсек, бір айда барлық көкөніс түрінің бағасы көтерілген. Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері көкөніс бағасының өндірістің маусымдылығына байланысты қымбаттады деп түсіндіреді. 

Бұдан бөлек, азық-түлік тауарларының қызмет түрлері бағасының қымбаттауына әкелетінін айту керек: отын, электрэнергия мен коммуналдық қызметтердің бағасына. Ведомстводағылар әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақты ету мақсатында өңірлік қорлар құрылып жатқанын айтып өтті. Қазақстанның бес ірі қаласында көтерме-бөлшек сауда орталықтарының құрылысы жүріп жатыр. 


Ал жеміс-жидектердің ішінде желтоқсанда бананның 2,4 пайызға, кептірілген өріктің 0,4 пайызға қымбаттағаны айтылады. Ал лимон, керісінше, бір айда 2,3 пайызға арзандаған.

Дереккөз: tengrinews.kz

28 желтоқсан 2018, 12:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.