Атырау, 22 желтоқсан 12:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Түркия билігі Алматыда қылмыс жасады деген күдіктіні Қазақстанға ұстап берді

2 166 рет қаралды


Түркия билігі іздеудегі адамды Қазақстанға ұстап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Бас прокуратура мен Қазақстан ІІМ Интерполының қызметкерлері қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Ибрагим Сулиевті Түркиядан Қазақстанға экстрадициялады. Алматы қаласында аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдікті және ол 2014 жылдан бастап халықаралық іздеуде болды", - делінген ведомствоның хабарламасында. 

Прокуратураның мәліметінше, экстрадиция қазақстандық құқық қорғау органдары мен түрік әріптестердің өзара үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде жүзеге асты. Қазіргі уақытта Сулиев Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Дереккөз: tengrinews.kz

27 желтоқсан 2018, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.