Атырау, 25 қараша 10:13
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бөркіңді шеш, тұтқын!

2 608 просмотра


Қазақстандағы пенитенциарлық жүйенің проблемаларын Қазақстанға белгілі құқыққорғаушы Макс БОҚАЕВТЫҢ жазасын өтеу мәселесінен байқауға болады. Бұл туралы Орталық Азиядағы Халықаралық түрме жүйесінің (PRI) Астанадағы өкілдігі ұйымдастырған абақтылардағы адам құқықтары жөнінде өткен брифингте айтылды.

Шарада қазақстандық түрмелерде сотталушылардың құқықтарының бұзылу проблемалары талқыланды. Атап айтқанда, пенитенциарлық мекеме қызметкерлерінің қатыгездікпен қараушылығы және азаптау мәселелері туралы айтылды. Көбінесе азаптауға қатысты шағым колония аумағынан тысқары шығып, прокуратураға дейін жету үшін тұтқындарға өздеріне қол жұмсап, жарақат алуларына тура келеді.

Мен Халықаралық түрме реформасы ұйымының Орта Азиядағы аймақтық директоры Азамат ШАМБИЛОВТАН Макс Боқаев бойынша бұрын айтылған құқық бұзушылық фактілеріне түсінік беруін өтінген едім.

- Бір адамды алып, оған қатысты бүкіл жағдайды анықтаған кезде, жаза өтеу орнынан бастап нақты мысалдар айқындалады. Неліктен Петропавл, неге Атырау емес? Біз тексеру жүргіздік, Атырауда орын болды, оны сол жерге жіберуге болатын еді. Президент әкімшілігінде адам құқықтары жөніндегі заңгерлермен кездесу кезінде ІІМ министрі Қасымов сөз сөйледі. Сол кезде мен одан: «Неліктен сотталушы жергілікті мекен-жайы бойынша жазасын өтемейді?» деп сұрадым. Ол бізде камералық жағдайда ұстау мекемелерінің жоқтығын және барлық өңірде колониялардың жоқтығын айтты. Бірақ, кешіріңіз, Қазақстан түрмелер мен колониялар елі. Қазақстан ГУЛАГ орналасқан мемлекет, біздің әр аймағымызда кем дегенде осындай бір мекеме бар. Сотталушыны мекен-жайы бойынша орналастыра алмаймыз деп айтуға болмайды. Макс Боқаевтың адвокаты Айман ОМАРОВАНЫҢ, сондай-ақ қарындасы Жанаргүл БОҚАЕВАНЫҢ арқасында пенитенциарлық жүйенің көп проблемалары белгілі болғанын атап өту керек.

Брифингке қатысқан Айман Омарованың айтуынша, бүгінде Макстың жазасы көбейіп кеткен. 

- Соңғы жазасы – бас киімін шешпегендігіне қатысты болды, ол бойынша сот отырысы өтті. Мекеме қызметкерлері осындай бұйрық бар, соған сәйкес, сотталушы орынжайға кірген кезде бас киімін шешуі тиіс дейді. Макс бұйрықты көрсетуді сұрайды, бірақ олар бұл бұйрықтың тек қызметтік пайдалану үшін арналғанын айтады.  Барлық жазаларға қатысты шағымдандық. Біріншісі – мекен-жайы бойынша колонияға ауыстыруға қатысты, ол бойынша Астанада сот отырыстары өтті. Біз жеңілгенімізбен оны Ақтөбеге ауыстырды.

Құқыққорғаушылардың айтуынша, сотталушының жаза өтеу орны – негізгі проблемалардың бірі екен.

- Біз неліктен сотталушының жазаны қайда өтейтіндігін ҚАЖК белгілейді деген мәселені үнемі көтереміз. Неліктен сотталушы бір облыстан екінші шалғай облысқа жіберіледі? Туыстары мен адвокаты бара алмау үшін бе? Жаза өтеу орны міндетті түрде сот қаулысында жазылуы тиіс және түрме басшылығының еркеліктеріне тәуелді болмауы тиіс, - дейді Омарова.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА, «АЖ» меншікті тілшісі, Астана қ.

26 желтоқсан 2018, 12:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.