Атырау, 24 желтоқсан 09:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қазақстандық шекарашылар Ресейде іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады

1 701 рет қаралды


Ер адам есірткі алып бара жатқан серігімен бірге көрші елге өтпек болған. Ресейде қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде болған Қазақстан азаматы мен оның серігі "Шарбақты-авто" өткізу бөлімшесінде ұсталды.

Өткен түнде "Павлодар – Барнаул" бағытындағы жолаушылар автобусын тексеру барысында шекара жасағы екі қазақстандықты ұстады. Оларды ұстауға 48 жастағы әйелдің косметикалық сөмкесінен қоңырқай сұйықтық (апиын ерітіндісі болуы мүмкін) толтырылған 10 мг медициналық шприцтің табылуы себеп болған. Айта кету керек, бұл шприцті шекарашыларға есірткі іздеуге арнайы үйретілген қызметтік ит тауып берген, деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Ұсталған әйел мен оның жанындағы 37 жастағы серігін ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы тіркеу комитетінің ақпараттық сервисі арқылы тексерген кезде, ер адамды Ресей құқық қорғау органдары қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеп жатқаны анықталды.

Ұсталғандар Шарбақты аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды.   

Дереккөз: sputniknews.kz

24 желтоқсан 2018, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.