Атырау, 6 маусым 08:21
 дождьВ Атырау +17.9
$ 487.44
€ 567.38
₽ 6.62

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап шоттағы ақша үшін бонус берілмейді

2 516 рет қаралды


Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шоттағы сақталған ақша үшін сыйақы төлеуге тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұндай түзетулер 2018 жылдың 2 шілдесіндегі заңмен енгізілді. Азаматтық кодекстің 751-бабында былай делінген: "Ағымдағы банктік шотта орналастырылған ақшаны пайдаланғаны үшін сыйақы төленбейді".Қазақстанда депозиттер жүйесі өзгертілген болатын. 1 қазаннан бастап салымшылар үшін салымның үш түрі қолжетімді болды: мерзімсіз, мерзімді және жинақ салымдар. Жинақ салымы бойынша үш айға арналған сыйақы мөлшерлемесі 12 пайыз, ал 24 айдан аса салым бойынша - 13,5 пайыз.

Дереккөз: tengrinews.kz

22 желтоқсан 2018, 11:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.