Атырау, 24 желтоқсан 07:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Ақтауда дүкендердің бірінде ер адам мен әйел өлі табылды

1 994 рет қаралды


Ақтауда дүкендердің бірінде пышақ жарақатын алған ер мен әйелдің денелері табылды, - деп хабарлайды "Лада". Басылым дереккөзінің мәліметінше, 28-ықшамауданда дүкен ғимаратын жалға алған отбасылық жұптың мәйіттері табылған.

Болжаммен, 16 қыркүйете, дүкеннің ішінде жабылған сәтте, ер адам әйеліне 20-дан аса пышақ ұрып, артынша өзіне қол жұмсаған.  Полиция департаментінің өкілдері осы оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

"Шамамен 10:45-те 102 кезекші пультіне "Гүлнар" дүкенінде мәйіттердің табылғаны хабарланды. Ер мен әйелдің денесінен пышақ жарақатын салынғаны анықталды. Осы дерекке қатысты Ақтау полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр", - делінген хабарламада. 

Дереккөз: tengrinews.kz

20 желтоқсан 2018, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.