Атырау, 26 сәуір 23:29
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

«Еркін сөз – 2018» байқауының үздіктері марапатталды

2 912 просмотра

 


Алматыда Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен өткізілген «Еркін сөз-2018» шығармашылық байқауының қорытындысы жасалып, үздіктер анықталды.  

Екінші рет ұйымдастырылған «Еркін сөз» шығармашылық байқауына биыл қаржы, экономика, шағын және орта кәсіпкерлік, туризм, т.б. салалар туралы қазақ тіліндегі материалдар қабылданды. Байқауға «Үздік мақала», «Үздік телесюжет», «Сайттағы үздік мақала» аталымдары бойынша Қазақстанның барлық аймағынан БАҚ өкілдері қатысты. Биыл Бас жүлдеге 500 000 теңге көлемінде сыйақы, Ынталандыру сыйлығына 50 000 теңге сыйақы тағайындалған. Бұған қоса, демеушілер тарапынан да заттай сыйлықтар таратылды. Байқауға «Халық банкі» АҚ (бас демеуші), Elmura, Zugo, Technodom, Kazakhstan Hotel, Tonus фитнес залы, MÜSIAD, TÜKİB демеушілік етті.

«Үздік мақала» аталымы бойынша Бас жүлдені «Ана тілі» газетінің тілшісі Дина Имамбаева иеленді. Ынталандыру сыйлығымен «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі Мұрат Аяғанов марапатталды. «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Арнұр Асқаровқа «Алғыс хат» табысталды.

«Сайттағы үздік мақала» аталымы бойынша Бас жүлдені «Егемен Қазақстан» газеті ресми сайтының тілшісі (egemen.kz) Бауыржан Мұқан иеленді. Ынталандыру сыйлығы «Atameken Busіness chanel» арнасының ресми сайтының тілшісі (abctv.kz) Фархат Әміреновке берілді. «Atameken Busіness Chanel» телеарнасының ресми сайты (abctv.kz) тілшісі Қанат Махамбет «Алғыс хат» алды.

«Үздік телесюжет» аталымы бойынша «Хабар 24» телеарнасының тілшісі Мерей Мұратханқызы Бас жүлдені еншіледі. Ынталандыру сыйлығы «Жетісу» телеарнасының тілшісі Алмат Талғатұлына табысталды.

«Еркін сөз» шығармашылық байқауына белсене қатысқаны үшін Гүлбаршын Сабаева («Информбюро»), Даяна Тоқберген («Заң» газеті, Ақбота Мұсабек («Ана тілі» газеті) арнайы марапатталды. Байқаудың Марапаттау салтанатында Түркітілдес журналистер қорының жанынан құрылған «Жас журналистер мектебінің» тәлімгерлері де «Алғыс хатпен» және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жеке ақпарат

18 желтоқсан 2018, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.