Атырау, 25 сәуір 14:58
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Астана әуежайында 10 рейс кешігіп жатыр

1 802 просмотра


Әуежайдың анықтама қызметі рейстердің кешігуі ауа райымен байланысты емес екенін хабарлады.

Бүгін Nursultan Nazarbayev халықаралық әуежайында он рейс кешігіп жатыр. Бұл жайында әуе айлағының сайтында хабарланған. 

Сағат 12:00-дегі жағдай бойынша, Варшавадан LOT, Алматы мен Жезқазғаннан Qazaq Air, Шымкент пен Ереваннан SCAT Airlines рейстері кешігіп жатыр. Сондай-ақ, Астанадан Шымкентке, Алматы мен Жезқазғанға ұшып шығатын әуе рейстері де уақытынан кешігуде. 

Синоптиктердің мәліметінше, қазір Астанада күн бұлтты, тұман, аздап қар жауып тұр. Әуежайдың анықтама қызметінен атап өткендей, рейстердің кешігуі ауа райымен байланысты емес. Қазіргі таңда әуежай штатты режимде жұмыс істеп тұр. 

Айта кетсек, 15-19 желтоқсан аралығында Қазақстанның басым аумағында қар жауып, бұрқасындатып, жел тұрады. Көктайғақ пен тұман болады. Желтоқсанның соңғы он күндігінде бірқатар облыста күн суытады.

Дереккөз: sputniknews.kz

18 желтоқсан 2018, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.