Атырау, 24 желтоқсан 07:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Kaspi.kz клиенттердің шотындағы ақшаның неге жоғалғанын түсіндірді

2 649 рет қаралды


Kaspi.kz қосымшасының жұмысындағы ақауды банк өкілдері түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Қазақстандықтар шотынан ақша жоғалып кеткені туралы шағымданған еді.  Өз кезегінде Kaspi баспасөз қызметінедегілер бұл бағдарламадағы ақау екенін және ақшаның ешқайда кетпегенін айтты.  

"Бағдарламалық қамтамасыз ету қызметінде болмашы ақау болды. Нәтижесінде, клиенттердің Kaspi.kz-тегі Kaspi Gold шоттарындағы қаражаты дұрыс көрсетілмеді. Бұл тек Kaspi.kz-тегі қалдықтар жайлы. Банкоматтан шешу, дүкендерде сатып алу операцияларын қарапайым түрде жасауға болады. Тезірек дұрыстауға тырысып, келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деді банк баспасөз қызметінің өкілдері. 

Дереккөз: tengrinews.kz

14 желтоқсан 2018, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.