Атырау, 24 желтоқсан 07:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Димаш Құдайберген "Әлем аруы" байқауында қазақша ән айтты

Бейнежазба
2 991 рет қаралды

Димаш Құдайберген "Әлем аруы-2018" байқауының сахнасында. © instagram/kudaibergenov.dimash


Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Әлем аруы-2018" сұлулық байқауының сахнасында өнер көрсетті, байқаудың финалы 8 желтоқсанда Хайнань қытай аралында өтті. Бұл туралы сұлулық байқауының Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланды. 

"Халықаралық жүлденің иегері, жұртты таңғалдырған әнші Димаш тамаша орындауымен, вокалдық керемет диапазонымен көрермендерді тәнті етті", - деп жазды ұйымдастырушылар. 

Димаш Құдайберген қазақ тілінде "Ұмытылмас күн" әнін орындады - ол оның композиторлық жұмыстарының бірі. Бұл орындау әлеуметтік желіде қолданушыларды таңғалдырды. 

"Осыдан бір-екі жыл бұрын "Әлем аруы" байқауында қазақша ән шырқалады деп кім ойлаған. Димаш, сен мүмкін емес дүниелерді жүзеге асырып жатырсың", - деп жазылған қазақстандық әншінің табынушыларының парақшасында. 


Бұған дейін "Әлем аруы-2018" байқауы финалының тікелей көрсетілімін әлемнің 200 елінен миллиардтан аса көрерменнің тамашалайтыны хабарланған. Димаш Құдайберген байқауға Қазақстан атынан қатысқан Екатерина Дворецкаяны қолдау үшін барды.

Дереккөз: tengrinews.kz

14 желтоқсан 2018, 12:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.