Атырау, 29 наурыз 17:04
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​3 әкім мен 3 министр Елбасы қолынан орден алды

2 314 просмотра


Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 3 әкімге «Парасат» орденін және 2 министрге «Құрмет» орденін және 1 министрге "Құрмет" орденін табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Атап айтқанда, «Парасат» ордені Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловқа, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловқа, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжановқа, «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогокалық университеті» РМК ректоры Такир Балықбаевқа, «ҚР Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ бас директоры Ерлан Бекхожинге, Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаевқа, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовке, «Uniserv» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы Сәтбек Нұрғазыға және Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановқа берілді. 

Ал "Құрмет" орденімен Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, «Қазақ ұлттық хореография академиясы» КЕАҚ оқытушысы Людмила Макарцева, Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы" академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің бас дирижері Динара Тілендиева марапатталды.

Дереккөз: inform.kz

14 желтоқсан 2018, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.