Атырау, 26 сәуір 08:08
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

АМТ комбинатын қалпына келтіруге жүздеген маман қатысады

1 535 просмотра


"АрселорМиттал Теміртау" (АМТ) компаниясының металлургиялық комбинатын 10 қараша күні болған апаттан кейін қалпына келтіру жұмыстарына Қазақстанның бірнеше аймағынан 500-ге тарта маман тартылды.

Әзірге арнайы комиссия апат себептерін анықтап жатыр, ал комбинатта құбырларды іске қосуға дайындап отыр. Ұзақ уақыт тұрып қалған конвертер цехын да іске қосуға дайындап жатыр. Ал домна пештерін қалпына келтіруге біраз уақыт кетеді.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, металлургиялық комбинат барлық цех пен өндіріс жұмысы шектелген, ал қалпына келтіру жұмыстарында оттегі баллондар мен арнайы құрылғыларда ғана қолданылады.

10 қараша күні кешке комбинаттың конвертер мен әктас өртеу цехы арасындағы құбырлар желісі құлап, өрт болған. Өрттен бес адам зардап шеккен. 12 қараша күні апат себептерін тексеретін комиссия құрылып, жұмыстың қиындығынан оның жұмысы 26 желтоқсанға дейін ұзартылған.

Апаттан соң шойын мен болат өндірісі тоқтап тұр.

Дереккөз: azattyq.org

13 желтоқсан 2018, 16:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.