Атырау, 26 сәуір 00:02
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​17 жастағы Еркеназ Сейфулла "Астана аруы-2018" атанды

2 285 просмотра


17 жастағы Еркеназ Сейфулла "Астана аруы-2018" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сұлулық байқауының жеңімпазы Қазақ Технология және бизнес университетінде "Дизайн" мамандығы бойынша оқиды. Ал бірінші вице-ару атағын 22 жастағы Александра Беглова жеңіп алды. Ол "Наз" Мемлекеттік би театрында жұмыс істейді екен. 

Екінші вице-ару атағы 21 жастағы Сания Мерғалиеваға бұйырды. Ол Қазақ мемлекеттік заң университетінде (ҚазМЗУ) оқиды. Диана Ыдрысова есімді қатысушы үшінші вице-ару жеңіп алды. 

Байқау қатысушысы кеше 22 жасқа толды. Ол Қазақ мемлекеттік заң университетінде "Юриспруденция" мамандығы бойынша оқиды. Енді "Астана аруы-2018" байқауының жеңімпазы "Қазақстан аруы -2018" байқауына қатыса алады. Сондай-ақ, оған Еуропа елдерінің біріне саяхаттау мүмкіндігі беріледі. 

Айта кетейік, осы атаққа 20 қатысушы таласқан болатын. Олар екі апта бойы белсенді түрде дайындалған болатын. Сондай-ақ, "Астана аруы-2018" сүйіктісі жоқ екенін айтып өтті. Айта кетейік, байқау финалын тележүргізуші Динара Сәтжан мен әнші Бүркіт жүргізді.

Дереккөз: tengrinews.kz

13 желтоқсан 2018, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.