Атырау, 29 наурыз 15:00
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"Қазақтелеком" KCell-ді сатып алады: абоненттер үшін не өзгереді?

1 924 просмотра


Байланыс сапасы мен тарифтер бағасы өзгермейді, деп сендірді Есекеев. "Қазақтелеком" АҚ ұлттық компаниясы Telia Company және Fintur Holdings BV компанияларынан KCell дауыс беруші акцияларының 75%-ын сатып алу туралы шартқа қол қойды, деп хабарлайды Қазақтелеком баспасөз қызметі.

Шарт бойынша "Қазақтелеком" KCell акцияларының 24%-ын Telia Company компаниясынан, ал 51%-ын Fintur Holdings BV компаниясынан сатып алады.

"Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев атап өткендей, KCell акцияларын сатып алу "Қазақтелеком" АҚ-ның құнына жағымды әсер етеді, сонымен бірге жалпы Қазақстандағы телекоммуникация саласын дамытуға септігін тигізеді.

KCell абоненттері үшін не өзгереді?

"KCell және Activ абоненттеріне қатысты бірден айтып кетейін: тарифтер қымбаттамайды, байланыс сапасы төмендемейді – әлеуметтік желіде осы шартқа қарсы болғандар солай қорқытты емес пе. Біріншіден, бұған ешқандай себеп жоқ, шарттың барлық тұстарын қарастырдыөқ, екіншіден IPO қарсаңында "Қазақтелекомға" бұл қажет емес", — деп сендірді Есекеев.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры қол қойғаннан соң баспасөз мәслихатында "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев шарт сомасын атады.

"Шетелдіктер процедураларға қалай мән беретінін көрдіңіздер ғой. Қазір биржа соңғы нақты бағасын жариялайды – 615 миллион доллар. (…) KCell компаниясы Лондон қор биржасында бағаланатынын білесіздер, бағасы биржада хабарланады. Бүгін биржа жаңалықтары бағасын көрсетеді", — деді Есекеев.

Айта өтсек, "Қазақтелеком" АҚ Қазақстанның қор биржасына "Кселл" АҚ шарты бойынша міндеттердің орындалуы туралы мәлімет берді. Шартқа қол қойылған соң 30 күн ішінде активтердің жалпы бағасының 10 %-нан артық сома төленеді.

Тағы бір ескерте кететін жайт, Қазақстанның табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестік пен тұтынушылар құқығын қорғау комитеті "Қазақтелекомды" KCell және Activ брендтерін сақтауға міндеттеді.

Дереккөз: sputniknews.kz

12 желтоқсан 2018, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.