Атырау, 19 сәуір 02:37
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Қазақстандықтарға жеке куәлікті ауыстыру ескертілді

2 411 просмотра


ҚР ІІМ өкілдері қазақстандықтарға ескірген жеке куәліктерді ауыстыру керектігін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі. 

2009 жылдан бері Қазақстан Республикасында азаматтарға жеке құжатын растайтын электронды ақпарат чипі орнатылған биотметрлік құжаттар берілді. Халықаралық стандарттарға сәйкес, олар он жыл қызмет етеді, сол себепті келесі жылы мерзімі аяқталуына байланысты оны ауыстыру қажет.  

Құжатты республиканың кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығында ауыстыруға болады. Сонымен қатар, ауыстыру туралы онлайн тапсырыс беруге де болады.  

"Сондай-ақ, ескірген құжатты жаңасына ауыстыру үшін ХҚКО-ға бармай-ақ, "электронды үкімет" порталы арқылы (3,5-те - 4,5 сантиметр сандық сурет және сканерден өткен қолтаңбаны графикалық файлмен жіберуге болады) сұраныс жіберуге болады. Ыңғайлы болу үшін осы құжаттарды мерзімі аяқталуына бір ай қалғанда жіберуге болады", - деді ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілдері. 

Дереккөз: tengrinews.kz

12 желтоқсан 2018, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.