Атырау, 25 наурыз 07:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

Ақтауда жарылыс болып, екі адам қаза тапты

1 913 рет қаралды


Ақтауда металл қабылдайтын база аумағында жарылыс болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап. 

«11 желтоқсанда Ақтау қаласындағы 2-інші өнеркәсіп аймағында орналасқан металл қабылдау базасында белгісіз зат жарылған. Салдарынан 5 адам зардап шегіп, олардың екеуі оқиға орнында қаза тапты. Бұл жерді полицейлер қоршауға алды. Оқиға орнында ІІД «Арлан» арнайы бөлімшесінің 3 қызметкері мен 1 техникасы және Маңғыстау облысы ТЖД-інің 9 адамы мен 2 техникасы жұмыс істеуде. «Арлан» қызметкерлері  жарылыс орнынан 11 дана  оқыту снарядтарын  тапты»,- деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. Ведомоствоның атап өтуінше,  алдын ала болжам бойынша жарылыс снарядты детонациялау кезінде болған.

Дереккөз: inform.kz

12 желтоқсан 2018, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.