Атырау, 24 желтоқсан 07:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қазақстан дизель экспортына уақытша тыйым салмақ

1 786 рет қаралды


Қазақстан жыл соңына дейін дизельді экспорттауға уақытша тыйым салады. Бұл туралы үкімет жиынының арасында журналистерге энергетика министрі Қанат Бозымбаев хабарлады.

"Біз қазір құжат дайындап, оған тиісті ведомстволардың келісімін алып жатырмыз. Сосын ол сайтқа жарияланып, он күн тұрады. Одан кейін мен қол қоям. Желтоқсанда жарты жылға шектеу қоямыз деп ойлаймын. Мәселе дизельді экспортқа шығаруға ғана қатысты" деді министр.

Қанат Бозымбаев бұған дейін тыйым салуға Ресейде дизельдің бағасы қымбат болғандықтан Қазақстаннан жанармайдың осы елге жаппай тасымалдануы себеп екенін айтқан.

"Қазақстан мен Ресейдегі дизельдің бағасында 60-70 теңге айырма бар. Бензин таситын көлік сатып алып, ары-бері тасуға болады. Шекара ашық. Сондықтан біз тыйым салып, оны бақылаудың кешенді шараларын қолға алып жатырмыз. Бізде басқа жол жоқ. Болмаса, Қазақстанда өндірілген, литрі 193 теңге тұратын дизель бағасы ол жақта 250 теңге болуы тиіс" деді Бозымбаев.

Бұған дейін Қазақстан энергетика министрі Ресеймен шекаралас облыстарда дизель мен бензинді көптеп тұтына бастағаны байқалғанын хабарлаған.

Дереккөз: azattyq.org

11 желтоқсан 2018, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.