Атырау, 19 желтоқсан 02:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Жемқорлықтан шаршаған кәсіпкерлер биліктен көмек сұрайды», «Теңге бағамы рубльге неге тәуелді?», «Қонаев неге еңкілдеп жылап жіберді?», «Сарапшы: Еуропада Путиннің алдын орайтын президент жоқ», «Көппен жүріп адасқанша...».

2 552 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Жемқорлықтан шаршаған кәсіпкерлер биліктен көмек сұрайды» - Қарағанды облысында кәсіпкерлер мемлекеттік мекемелер тарапынан жасалған қысым, толассыз тексеріс пен жемқорлыққа шағымданған соң билік бұл мәселені шешуге уәде берді. 

QAMSHY.KZ. «Қонаев неге еңкілдеп жылап жіберді?» - «Мені Кәке демеңіз, Кәкімбек деңіз, мен сізден жиырма жас кіші балаңыздаймын ғой. Сіз менің ұстазымсыз, ұстазымды қалай жамандаймын» дейді ақын. «Жоқ, Кәке, сен білдей бір республиканы басқарып отырған адамсың, сондықтан Кәке деймін» деген Қонаев осындай арлы азаматқа өз елімізде жоғары қызмет бермегеніне қатты өкініш білдіріпті.

«Сарапшы: Еуропада Путиннің алдын орайтын президент жоқ» - «Еуропа құрлығында Ресеймен текетіресе алатын, Путин басқарған мемлекеттің  алдағы саясатын сарапқа салып, тұжырым жасай алатын және жедел шешім қабылдайтын логикасы мықты, салмақты сарапшы-басшы қалмады». Бұл туралы Польшаның бұрынғы Сыртқы істер министрі Витольд Ващиковский мәлім етті.

ABAI.KZ. «Оларға 400-500 желтоқсаншы санда бар, санатта жоқ тобыр ма?» - Соңғы кездері желтоқсаншылар туралы әңгімелер көбейді. Әуелі, С. Лепесовтың мақаласы Abai.kz ақпараттық порталы мен «Жас алаш» газетінде жарияланды. Ал, 23 қарашада Г. Тойболдинаның «Көзіңді аш, еңсеңді көтер, желтоқсандық бауырым!» атты мақаласы «Abai.kz»-те шықты. Бұл екі мақала да «Желтоқсан ақиқаты» Қоғамдық Бірлестігінің жұмысын сынға алған. Осы қоғамның төрағасы  ретінде Желтоқсан күндері өткенше сабыр сақтауға бекінген едім. Алайда, өзін осы қоғамның құрылтайшысымын деп жүрген Г.Тойболдинаның соңғы мақаласынан кейін – шындықты күтіп отырған желтоқсаншылар алдында үнсіз қалуды жөн көрмедім...

«Ли Куан Ю: "Қытай тілі ағылшын тілінің орнын басатын әлемдік тіл бола алмайды"» - Қазір әлемде Қытай тілі ағылшын тілінің орнын басатын әлемдік тіл болуы мүмкін екені жайлы түрлі әңгімелер айтыла бастады. Тіпті, сенатор Дариға Назарбаева үлкен мінберден қытай тілін үйрене беру керек екені жайлы бірнеше мәрте мәлімдеме жасады.

«Шыңғысханның қазақ екеніне қатысты деректерді Қытай мен Ресей қалай бұрмалады?» - Шыңғысханның кім екенін түсіну үшін, Орта Азия мен Қазақстан аумағын оған дейін билегендердің кімдер екенін түсініп алу қажет.

«Өнер-білімге құштарлық һәм кісілік қасиет» - Әл – Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегінде тектілікке қатысты зерделенген он екі қасиеттің бірі өнер-білімге құштарлық. Тарихымызға, адамзат тарихына қарайтын болсақ,  мемлекеттің, оның мүддесінің дамуы халықтың өнер-білімге деген құштарлығынан бастау алып отырған.

INFORMBURO.KZ. «Көппен жүріп адасқанша...» - "Көптің сөзі – темір талқы, қисайғанды түзетер", "Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас" деген дана сөздер де баршылық. Бұл адамның өз ортасынан бөлінбей, оны қадір тұтуын меңзейді. Көпшілік қателесуі ешқашан мүмкін емес. Себебі, көрген-білгені көп ақсақалдар, ақыл мен парасат иелері жол сілтеп отырады.

«Теңге бағамы рубльге неге тәуелді?» - Үлкен өзара тауар айналымы бар елдердің валюталары бір-біріне әсер етпeй тұрмайды. Бұл Қазақстан мен Ресейге де тән.

«Қазақстанға өзінің электронды ақшасын енгізу керек» - Шетелдік электронды төлем мен сауда индустриясы өкілдерінің Қазақстанға көз тіге бастағаны биыл емес. Ішкі нарықтың 80 пайызы ресейліктердің қолында.


11 желтоқсан 2018, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.