Атырау, 2 наурыз 04:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 497.56
€ 586.92
₽ 6.44

Головкин және Альварес үшінші жекпе-жек уақытын белгілеп қойғанға ұқсайды

1 913 рет қаралды


Невада штатының атлетикалық комиссиясының (NSAC) ресми сайтында 2019 жылғы жоспарларға қатысты қызықты ақпарат жарияланды. 

Осылайша, алдағы жоспарлар кестесіндегі 2019 жылдың 4 мамырына Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында бокс кеші отетіні көрсетілген. Бұл шараны ұйымдастырушылар Golden Boy Promotions және GGG Promotions компаниялары, ал трансляциялаушы DAZN стриминг қызметі. 

Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде кім жұдырықтасатыны белгісіз. Алайда жоғарыда аталған компаниялар орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (50-1-2, 34 КО) пен қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) ісін жүргізеді. 

Промоутерлер боксшылар арасындағы үшінші жекпе-жек өткізу үшін орын дайындап қойған болуы мүмкін. Дегенмен NSAC күнтізбедегі жоспарлар әлі нақты емес және кейін өзгеруі мүмкін екенін атап өтті. 

Дереккөз: vesti.kz

11 желтоқсан 2018, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.