Атырау, 19 сәуір 13:18
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Ескендір Сүлейменовтің өлімі: Үкімге апелляциялық шағым түсті

1 859 просмотра


Ескендір Сүлейменовтің өліміне қатысты іс бойынша сотқа апелляциялық шағым түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шағымды сотталған Малика Мұхитованың өкілі жолдады. 

"Сотталушының өкілі бірінші инстанциядағы соттың үкіміне апелляциялық шағым түсірді", - деп хабарлады елордалық соттың баспасөз қызметіндегілер. 

Еске салайық, Қызылорда облыстық ІІД басшысының 29 жастағы қызы Малика Мұхитова Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апатына айыпты деп танылып, 2 жылға сотталған болатын. 

Мұхитова енді жазасын минимал деңгейдегі қауіпсіздік колониясында өтейді.

Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апаты Астанада 2018 жылдың 22 маусымында Мәңгілік ел мен Керей, Жәнібек хандар даңғылдарының қиылысында болған еді. Кейін полиция тергеу жұмыстары жайлы айтып берген болатын.

Дереккөз: tengrinews.kz

10 желтоқсан 2018, 15:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.