Атырау, 24 желтоқсан 05:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​​Қазақстандық полиция халықпен жұмыс істеудің жаңа тәртібіне көшеді

1 906 рет қаралды


Елімізде полиция халықпен жұмыс істеудің жаңа тәртібіне көшеді. Сондай-ақ Құқық қорғау органдарының қызметін бағалау талаптары өзгереді. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысында айтылды.

Айта кетейік, жиын Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қабылданғанына 70 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Комиссия отырысында сот жүйесін жетілдіруге арналған заң жобасын енгізу мәселесі де қаралды. Аталған құжат сапалы кадр даярлау мен судьялардың тәуелсіздігін күшейтуге бағытталған. Жиынға қатысушылардың айтуынша, бұл шаралар қазақстандықтардың құқығын қорғау жүйесін жетілдіру үшін істеліп жатыр. 

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы: 

– ҚР-ның басымдығы бар бағыты, жоғары құндылығы – адам құқығы. Ұлы дала елінің ежелгі мемлекеттік саясатының негізгі өзегі де осыған бағытталғанын атап өткім келеді. Құқықтық мәдениетті бойына сіңірген қазақ халықтық демократияны да бойына сіңірген.

Дереккөз: 24.kz

10 желтоқсан 2018, 14:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.