Атырау, 14 желтоқсан 08:50
Күндіз бұлыңғыр болады+1, кешке +1
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 370.04  € 420.99  P 5.58

Әлия Назарбава, Ақан Сатаев, Әділ Ахметов. Мемлекеттік сыйлықты кімдер алды?

7 желтоқсан 10:20


2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының 2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.   

Президент Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, қаулы шығарды:

1) ақын Тыныштықбек Әбдікәкімовке – "Алқоңыр дүние" өлеңдер мен балладалар  жинағы үшін;

2) авторлар ұжымына: Төлеубек Нығметұлы Әлпиевке, Алан Асқарұлы Бөрібаевқа, Сүндет Әбдірахманұлы Байғожинге, "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының шығармашылық ұжымына қатысушыларға – "Абай" операсы (Л. Хамиди, А. Жұбанов) үшін;

3) авторлар ұжымына: Ақан Қарғамбайұлы Сатаевқа, Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаеваға, Тимур Қазбекұлы Жақсылықовқа, Алтынай Бауыржанқызы Нөгербекке, Әділ Ералыұлы Ахметовке – "Анаға апарар жол" толықметрлі көркем фильмі үшін;

4) ақын Ақұштап Бақтыгерейқызы Бақтыгерееваға – "Ана сыры" өлеңдер мен балладалар жинағы үшін;

5) ақын Өтеген Оралбайұлы Оралбаевқа – "Шуақты шақ" жыр жинағы үшін берілсін.

Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Дереккөз: sputniknews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

328 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет