Атырау, 24 желтоқсан 05:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Түркістан облысында 4 миллионға жуық ақшаны заңсыз иемденген ер адам ұсталды

2 262 рет қаралды


Түркістан облысында полицейлер үлкен көлемде заңсыз ақшаны иемденген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, 2018 жылдың 29 қарашасында Отырар АПБ-не хат келіп түскен. Онда мекеменің бір қызметкері үлкен мөлшерде ақшаны заңсыз иемденіп, қашып кеткені айтылады. 

"Отырар АПБ-нің қызметкерлерінен құралған жедел-тергеу тобы оқиға орнына келіп, мекеме қызметкерінің жалақыға бөлінген 3 800 000 теңге ақшаны иемденіп, белгісіз бағытта қашып кеткенін анықтады. Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізу барысында күдіктінің Отырар ауданының тұрғыны екені анықталып, ол Тараздан ұсталды",- деп хабарлады полицейлер. 

Сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында айғақты зат ретінде ұрланған ақшаның бір бөлігі, яғни 1 миллион теңгесі тәркіленіп алынды. Қалған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-бабы бойынша реестрге тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

7 желтоқсан 2018, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.