Атырау, 26 желтоқсан 18:40
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Ажалмен бетпе-бет

4 694 просмотра

Ауруханалар мен дәрігерлер адамдарға сырқаттарымен күресу үшін керек. Ал қорқынышты диагноз қойылған жандар не істейді? Дәрігерлердің қолын жайып: «біздің қолымыздан ештеңе келмейді, үйге ала беріңіздер» деген сөздерін есту науқастың туғандары үшін өлім үкімін естігенмен бірдей болмай ма? Атырау облысында емі жоқ сырқатпен ауыратындар өздерінің соңғы демі таусылғанша қайғы-қасірет, азаппен өмір сүреді. Жақын адамының азабын көзімен көріп отырған оның туыстары  да қайғыдан қан жұтары анық... Шынымен де  қолдан келер еш көмектің болмағаны ма?

Медицинада дәм-тұзы таусылар сәті таяп қалған науқастардың азабын жеңілдетуге мүмкіндік беретін паллиативті көмек немесе ауруының емі жоқ науқастарға паллиативті күтім жасау деген түсінік бар. Бүгінгі күні Қазақстанда онкологиялық,  ауыр бүйрек  және жүрек сырқаты бар, сондай-ақ инсульт, инфаркт, ЖҚТБ және туберкулездің кейбір формаларымен сырқат жандар паллиативті күтімге мұқтаж. Мұндай көмекке нақты қанша адам зәру екендігін айту қиын. Қазақстанда ондай есеп жүргізілмейді. Бір ғана нәрсені нақты айтуға болады: үміті үзілген науқас  және оның отбасы бұл азаппен бетпе-бет қалады.  Осындай қайғыға душар болған әрбір адам  дәрігерлердің ондай пациенттерінен іргелерін аулақ сала бастағанын байқайды. Мәселен, Атырау облыстық онкологиялық диспансерінде қатерлі ісіктің емделмейтін түрімен ауыратын науқастарға арналған  бөлімшесі жоқ.

«Біздің міндетіміз – емдеу.  Онкологияның емдеуге келмейтін түрлері бар және оның тек жағымсыз әсерлерін ғана емдеуден басқа амал қалмайды. Біз емдеудің мұндай түрімен айналыспаймыз. Мемлекет бұған ақша бөлмейді де, үміті үзілген науқастарға амбулаториялық мекемелер, емханалар, учаскелік дәрігерлер көмек көрсетуге тиісті», – деп ашығын мойындады бізбен әңгімесінде онколог-дәрігер.

Денсаулық сақтау реформасы барлық медициналық көмектің баспалдақтарына, оның ішінде паллиативті көмек міндеті жүктелген емханаларға қатысты болды. Алайда, біздің емханаларымыздың қалай жұмыс жасайтынын жылына бір рет болса да учаскелік дәрігерге жолығатын әрбір адам жақсы біледі. Емханалардағы пациенттердің қарқыны жоғары, кадрлардың жетіспеушілігінің салдарынан оларды қабылдауда  дәрігерлер үшін қиындықтар туындауда. Оның үстіне, дәрігерлердің қағазбастылықтан  қолдары босамайды. Сондықтан да мұндай науқастарға көңіл де  аз бөлінеді. Барлық амбулаториялық ұйымдардың штатына енгізілген әлеуметтік дәрігерлер мен әлеуметтік психологтардың қолы тие бермейді. Өйткені, ондай па-циенттерге көмек аптасына екі немесе үш рет емес, тәулік бойына керек. Ал науқастың жағдайы күрт нашарлаған жағдайда дәрігерді өте ұзақ күтуге тура келеді. Емханадан болатын көмек - ол тек дәрігердің тыныштандыратын дәрілерге жазып беретін рецептісі және медбикелердің сирек келуі. Дегенмен, әрбір адам тек лайықты өмір сүруге ғана құқылы емес, сондай-ақ өмірден де лайықты өтуге құқылы ғой. Бүкіл әлемде бұл мәселемен хоспистер – мейрбикелердің күтім жасау мекемесі айналысады. Хоспис – бұл өлім үйі емес, соңғы демі біткенге дейінгі лайықты өмір. Бұл жерде тек азапты жеңілдетіп қана қоймайды, науқасқа да оның туысқандарына да психологиялық көмек береді. Мұндай мекемелерде емдемейді, бірақ өмірінің ауыр кезеңдерін азапсыз, қайғы-қасіретсіз өткізуге көмектеседі.

Бүгінгі таңда Қазақстанда паллиативті медицина әлі дами қойған жоқ. Хоспистар тек алты қалада ғана: Алматы, Павлодар, Қарағанды, Өскемен, Семей, Қостанайда ашылған. Атырау туралы айтар болсақ, бізде жүзеге асырыла қойған жоқ.

Қазақстанда көптеген әсем заңдар қабылдануда, бірақ, олардың орындалу механизмдері ойластырылмаған. Оның қатарында паллиативті көмек те бар. 2009 жылы осы көмек түрінің нормативті-құқықтық базасы қағаз жүзінде құрылды. Бұл көмекті алуға тиісті тұлғалардың санаты анықталып, әлеуметтік қызметкерлердің лауазымдық міндеттері енгізілді, ал орындау стандарттары әлі күнге жоқ. Сарапшылардың топшылауын-ша, тіпті стандарттардың қабылдануымен және механизмдердің жүзеге асырылуы барысында да паллиативті медицинаны орнату он жылға дейінгі уақытқа созылады. Сондықтан да жұмысты бүгінгі күннен бастау керек. Бұл жұмысқа тек дәрігерлерді ғана емес, ҮЕҰ, еріктілер ұйымының мүшелерін тарту керек. Емханаларға медициналық-әлеуметтік қызметкерлер, психологтар ретінде міндетті түрде оқыған мамандарды тарту керек. Бастапқы кезеңде толыққанды хоспис ашуға мүмкіндік болмаса, онда «үйдегі хоспис» қызметін ұйымдастыруға болады. Онда оның қызметкерлері пациенттерге үнемі барып тұратын болады. Ең бастысы – зұлым аурудың өз жемтігін кәсіби қажеттілігіне және әлеуметтік мәртебесі бойынша таңдамайтындығын ұмытпауымыз керек.

Тамара СУХОМЛИНОВА

22 тамыз 2012, 22:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.