Атырау, 19 желтоқсан 19:04
Түнде бұлыңғыр болады-4, таңертең -4
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 371.31  € 419.32  P 5.59

Сенат Каспий теңізі түбін межелеу туралы келісімге түзетулерді ратификациялады

6 желтоқсан 10:58


Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан мен Ресей арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға 1998 жылғы 6 шілдедегі Қосымша хаттаманы ратификациялау туралы» Заңын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Көптеген жылдар бойы Қазақстан мен Ресей достық көрші мемлекеттер бола отырып, отын-энергетика саласындағы ынтымақтастық үшін айтарлықтай әлеуетті дамытты. Біз жер қойнауын пайдалану саласында, әсіресе Каспий теңізі аумағындағы жобаларды бірлесіп іске асыруда өзара іс-қимылдың жоғары деңгейіне қол жеткіздік. Атап айтқанда, 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісім және оған 2002 жылғы 13 мамырдағы Хаттама шеңберінде іске асырылатын «Құрманғазы» (Құлалы), «Хвалынское» және «Центральная» жобалары ескерілген.  «Хвалынское» және «Центральная» жобалары Каспий теңізінің ресейлік секторында орналасқан. Олар Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес іске асырылады. «Хвалынское» жобасы бойынша қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздеме аясында газ маркетингін ескере отырып, кен орнын игерудің нұсқалары пысықталуда. 322 млрд текше метр газ, 11,1 млн тонна конденсат бойынша бекітілген қорлар бар, мұнай қорын нақтылау үшін жете барлау жүргізу қажет. «Центральная» жобасы бойынша 2016 жылғы 5 қыркүйекте 27 жылға лицензия алынды, оның 7 жылы барлауға арналған», - деді ҚР Энергетика министрінің міндетін атқарушы Махамбет Досмұхамбетов.

Бұдан бөлек, «Құрманғазы» жобасы аталған Мемлекетаралық келісімдер шеңберінде 2005 жылғы 6 шілдеде жасалған Өнімді бөлу туралы келісімге сәйкес іске асырылуда. «Құрманғазы» учаскесі Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан. Оның ауданы 3,5 мың шаршы шақырым. Өнімді бөлу туралы келісімді жасасқан сәттен бастап «Құрманғазы» учаскесінде тұзүсті шөгінділерінде 2 ұңғыма бұрғыланды. Ұңғымалар мұнай мен газ кен жатындарын анықтаған жоқ. 

Айта кетейік, 2017 жылғы 9 қарашада Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекет басшылары Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы Мемлекетаралық келісімге Қосымша хаттамаға қол қойды. Онда мына мәселелер көзделген: біріншіден, кейіннен 4 жылға ұзарту мүмкіндігін ұсына отырып, бүкіл келісімшарт аумағында барлау кезеңін 6 жылға ұзарту; екіншіден, келісімшарттық аумақты кеңейту. 

«Жаңа алты жылдық кезеңде кеңейтілген келісімшарттық аумақта 2D және 3D сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу, сейсмикалық деректерді кешенді интерпретациялау және өңдеу, сондай-ақ өндірістік экологиялық шараларды жүргізу жоспарлануда.  Ұзартылатын кезеңге өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымдарын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуды және әлеуметтік маңызы бар нысандарды қаржыландыру бойынша келісімшарттық міндеттемелердің сақталатынын атап өткім келеді», - деді ол.  

Белгілі болғандай, заң жобасын қабылдау қазақстандық және ресейлік тараптардың уәкілетті ұйымдарына «Құрманғазы» құрылымының келісімшарт аумағында барлау жұмыстарын одан әрі жалғастыруға мүмкіндік береді. «Құрманғазы» жобасын одан әрі іске асыру кезінде мынадай жұмыстар жоспарланған: жаңа жұмыс орындарын құру; қазақстандық мамандарды жұмысқа тарту; қазақстандық кәсіпорындарды экологиялық мониторинг, жобалық құжаттар мен Қоршаған ортаға әсерді бағалауды әзірлеу, кемемен қамтамасыз ету және басқа да геологиялық барлау жұмыстары сияқты өндірістік процестерге тарту.

«Жұмыс барысында экологиялық мониторинг жүргізіледі, бұл оны бастар алдында, жұмыс уақытында және соңында қоршаған ортаның жай-күйін бағалауға мүмкіндік береді», - деді Махамбет Досмұхамбетов.  

Дереккөз: inform.kz/

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

209 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет