Атырау, 24 желтоқсан 05:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Қазақтың кішкентай «Конор Макгрегоры» жұртты күлкіге қарқ қылды

Бейнежазба
2 364 рет қаралды


Желіде жеңістен кейін өзін аралас жекпе-жектің жұлдызы Конор Макгрегор сезінген баланың қызықты видеосы пайда болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Грек-рим күресінен республикалық жарыстағы жеңісінен кейін кішкентай «Макгрегор» өз кумирінің жүрісін салып, күрес алаңын бір айналып өтті. Конор Макгрегордың өзіне келетін болсақ, ирландиялық спортшы соңғы жекпе-жегінде жеңіліп қалған - 6 қазан күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткен жекпе-жектің төртінші раундында оны ресейлік Хабиб Нурмагомедов «тұншықтырып жіберді». 

Осылайша, Нұрмагомедов UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы болып қалды, ал Макгрегор реванш өткізуді талап еткен. UFC президенті Дэйна Уайт болса, оған асығып тұрған жоқ - әуелі Невада штатының Спорт комиссиясының бұл жекпе-жектен кейінгі тәртіпсіздік бойынша шығарған шешімін күту керек.


Дереккөз: inform.kz

6 желтоқсан 2018, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.