Атырау, 26 желтоқсан 18:10
 ашықВ Атырау -4
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Бомждың да бұйымтайы бар

3 702 просмотра

Біздің әлеміміз түрлі қарама-қайшылықтардан тұрады: біз жұмысымызды жоғалтып аламыз ба деп қорқамыз, ал оның оларға керегі жоқ, біз баспанамыз болсын деп сіңіріміз созылғанша жүгіреміз, ал олар бәрін өздерімен арқалап жүр. Сондай-ақ, өзіміз және отбасымыз, қолға үйреткен тіршілік иелерінің барлығы үшін жауапкершілік сезімі тағы бар, ал олар болса, бұл сөзді өз сөздіктерінен шығарып тастаған. Кейде олармен түйісіп қалатын кездеріміз де болады: кейде біз оларды байқап, «басын жазуға» ұсақ тиын-тебен тастап жатамыз. Ал кейде олардың өміріне қауіп төнген кезде, көбіне өліммен бетпе-бет келген сәтте бізді жайлылықтан шығып, қаңғыбастардың тағдырына араласуға мәжбүрлейтін  жағдайлар да болып жатады. Айталық, олар көз алдыңда үнсіз ғана өмірмен қоштасады. Әдетте, мұндай жағдайға тап  келсеңіз, ес-түстен айырылғандай боласыз: «Қайда қоңырау шалу керек – 102-ме, 103 - ке ме?!», - деп жазады аулада тұратын қаңғыбас-мүгедектің тағдырына алаңдаған Наталия есімді оқырманымыз.   

ОЛАРДЫҢ ҮЙІ ОСЫ ЖЕР

Үйсіз жүргендер тұрақты мекен-жайы жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу орталығының клиенттері. Анықтама бере кетейін: Лесхозный көшесі, 7. Орталық директоры Өміржан ЖҰМАНИЯЗОВТЫҢ телефон нөмірі – 28-36-04,  маманның телефон нөмірі – 28-10-83. Әңгіме жастары кәмелетке толған адамдар жөнінде, ал баспанасыз балалар мен жасы кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығына жіберіледі. Бұл мекемелер қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарайды.

Таза да тыныш аула. Жіпте тозығы жеткен, бірақ таза жаймалар. Мұндағы тұратындардың басым бөлігі ер адамдар. Көбінің аяғы, не қолдары жоқ: қаһарлы қыстан қалған белгілер. Барлық қазыналық үйлерге тән иіс пен соларға тән белгі – холлға ілінген теледидар.

- Сіздің келетініңізді білдім,- дейді мені қарсы алған директор.  - Бірақ мен оны ішіп, төбелес шығарғаны үшін қуып шықтым. ДОСОВҚА келетін болсам, екі аяғы жоқ, өкпе ауру, 56-шы жылы туған ба?

Оны директор қабылдауға уәде етті. Алайда, мен үшін бұл аз, мен Досов туралы нақтылап жатырмын: 

- Менің сізге кеңесші бола алмайтындығым белгілі,  контингент өзінен - өзі хабар беруде, сіздің аяқсыз Досовыңыз  көшеде  немесе бір қоқыс алаңында жатқан болар, ал маңынан өткен жаяу жүргіншілер шошынып жатыр... Енді оны қайда апарады? 

- Ол қалай болғанда да келеді. Әуелі қыдырады, сосын қайтадан  ақылы кірген соң  оралады. Қабылдамай қайтем, қабылдаймын. Олардың барлығы сондай: жарты жыл осы жерде адам секілді тұрады, одан соң көшеге кетеді. Оларды бұл жерде нұсқама бойынша  ұзақ ұстай алмаймыз. Бір-екі айдан соң бізге қайтадан келеді: азып-тозған, құжаттары жоқ, бостандықтан шаршаған... Ал ішетіндерді мен ұстамаймын!  

Мұнда темекі шегуге де болмайды. Нұсқау бойынша туберкулезбен (белсенді формасы)

ауыратындар қабылданбайды, ал ЖҚТБ (СПИД) онда көрсе-тілмеген, бірақ Жұманиязов тайсалмастан былай дейді:

- Барлығы да қанға анализ тапсырады, ЖҚТБ шалдыққандарды қабылдамаймыз.

 

АЛҒАШҚЫ АЯЗ ТҮСКЕНШЕ

Қазір low season – орталық түгелге жуық бос, 50 төсектің тек 18-іне ғана адамдар орналасқан. Негізгі қоныстанушылар суықпен бірге келеді. Жыл сайын сол баяғы белгілі жандар – жалғызбасты, құжаттары жоқ, тұрғылықты мекен-жайлары жоқ, туысқандары ұмытып кеткендер. 

- Барлығының мұндай күйге түсуі  арақтан, 100%   деуге болады,– дейді  Жұманиязов.

Айтпақшы, орталыққа еш құжаты жоқ адамдардың орналасуы жеңілдеу, ал құжаты барларды мұнда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жіберуге тиісті. Ал қағазсыз тұлғаларды бірден қабылдайды. Мұнда тағы қабылдау-тарату орнынан келетіндер де бар. Орталық қызметкерлері  осында болатын 3 немесе  6 айда халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жеке бас куәлігін, СТН және ӘЖК секілді құжаттарды қайтадан алып береді.

- Мүгедектігі бойынша жәрдемақы, зейнетақы тағайындаймыз. І-ІІ топ мүгедектерін жастарына қарамастан қарттар үйіне орналастырамыз. Өткен жылы қарттар үйіне бізден 11 адам жіберілді. Кейін тағы да 4 адамды рәсімдеп жібердік. Жұмыс істегісі келгендерді қалалық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі арқылы жұмысқа орналастырамыз.

Орталық түрмеден шыққан қаңғыбастарды да қабылдайды. Қабылдау барысында олар  алғашқы дәрігерлік тексеруден, санитарлық тазалық шараларынан өткізіледі, киімдері мен жеке заттары зарарсыздандырылады. Онда болу мерзімі 3 айға дейін, кейбір жағдайларда 6 айға дейін созылады.

Қайыршылық пен түрмеден ешкім де сақтандырылмаған, басыңа түссе бәрін де көресің?! Алайда, біз зертеулер жүргізілмесе де, темір тордың ар жағынан келіп, қалыпты өмірге араласып, адам болып кеткен жиырма шақты жағдайларды алға тарта аламыз. Бұл жердегі қоныстанушылар арасында ондай оқиғаларды ешкім есіне түсіре алмады. Түптің тереңінен өрге өрлеу қашан да қиын, сондықтан да дұрысы - сүрінбеу.  

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА,

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

22 тамыз 2012, 22:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.