Атырау, 19 сәуір 17:44
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Маңғыстауда үй улаймын деп екі адамды өлтіріп алған компания өкілі қамауға алынды

1 828 просмотра


Маңғыстауда екі адамның өліміне себепкер болған «Квикфос» препараты тұрғын үйлерге арналмаған болып шықты. Қандаланы жою үшін қолданылатын бұл препарат, тек агроөнеркәсіпте ғана қолданылуы керек екен. Мұнайлы ауданындағы қайғылы оқиғадан соң тексеріс жүргізген санэпидемиологтар енді улы химикаттардың қолданылуын қатаң бақылауға алуды ұсынып отыр.  

Гүлзада Максимова, Маңғыстау облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім жетекшісі:

-Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің реестрінде бұл тіркелмегендіктен және рұқсат етілмеген. Және бұл ауылшаруашылығында қолданылатын препарат. Қазіргі таңда «Таракан-Мед ЖШС » бұны үй жайында қолданғандықтан осындай жағдайға әкеліп отыр. 

Дезинфекциялаумен айналысатындарды және кез-келген жерде ашық саудаланып жатқан улы химикаттарды тексеруге мамандардың құқы жоқ. Ал, жәндіктерді улайтын компанияларды жалдайтындар олардың біліктілігін растайтын сертификаттарды көбіне сұрамайды да екен. Мәселен, өткен аптада Мұнайлы ауданындағы 60 пәтерлі көпқабатты үйде зиянкестерді улайтыны жөнінде дезинсекторлар тұрғындарға алдын-ала ескертпеген. Осының салдарынан, 29 жастағы келіншек пен оның 2 жасар қызы сол күні уланып қайтыс болды. Қазір, бұл бойынша «абайсызда кісі өлтіру» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, күдікті ретінде бір азамат ұсталды.  

Еркін Чунетов, Мұнайлы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары: -Кінәлі тұлға анықталды. Ол 83-ші жылғы азамат. ҚР ҚК-нің 128 бабына сай қамауға алдық. Алайда, оның тұрғылықты жері болғандықтан, жанұясы болғандықтан сот оны үй қамаққа жіберді. Қазіргі таңда ол біздің тергеу-тексеру амалдарына көмектесіп, келіп кетіп жүр.


Дереккөз: ktk.kz

5 желтоқсан 2018, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.