Атырау, 2 наурыз 04:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 497.56
€ 586.92
₽ 6.44

ҰҚК трансұлттық қылмыстық топ жетекшісін ұстады

2 505 рет қаралды


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2018 жылғы 16 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Алматы облысы Жаркент қаласында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 262-бабының 2-бөлімімен (ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету),194-бабының 4-бөлімімен (қорқытып алу) көзделген бірқатар ауыр қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде тұрған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі Жұмат Бегімбетовті ұстады", - делінген комитеттің хабарламасында.

Комитеттегілердің мәліметінше, жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

4 желтоқсан 2018, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.