Атырау, 28 наурыз 13:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

​Өскеменде сатушысы жоқ дүкен ашылды

1 424 просмотра


Ең қызығы, тұтынушылар сатушысы жоқ сөрелерден өзіне керекті заттарын сатып алып, ақшасын қасында тұрған арнайы қорапқа салып кетеді, деп хабарлайды Алтайньюс

Егер ақшасы тауар бағасынан артық болса, қайтарымын сол қораптан ала алады. Әр заттың бағасы өзінде көрсетіліп жазылған. 

«Бұл арқылы біз әр бір адамның бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі мәдениетін қалыптастырғымыз келеді. Себебі, көп ретте адамдар мені камерадан көріп тұр және басқалар қарап тұр деп, өзін дұрыс ұстауға тырысады. Ал бұл бастамада ешкім қарап тұрмаған жерде де, адамдардың ішкі мәдениеттілігін анықтауға болады. Аталған бастаманы бүгінгі Тұңғыш Президент күніне және 9 желтоқсан – халықаралық жемқорлықпен күрес күніне орай қолға алдық», - дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Жанна Қабдолдақызы. 

Айта кетерлігі, департаменттің бастамасын өңірдегі ЖОО мен колледждер, мектептер қызу қолдауда. Жоба арқылы кез келген кәсіпкер өз өнімін саудаға шығара алады.

Дереккөз: 24.kz

4 желтоқсан 2018, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.