Атырау, 6 маусым 04:11
 дождьВ Атырау +21.2
$ 487.44
€ 567.38
₽ 6.62

KAZ Minerals шахтасындағы қайғылы оқиға: Екі адам қайтыс болды

2 385 рет қаралды


KAZ Minerals тобы "Шығыстүстімет" ЖШС-ға қарасты Орлов шахтасында қайғылы оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компания сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға 2 желтоқсанда сағат 09.00 шамасында болған."Орлов шахтасының 12-нші жерасты қабатында компанияның үш қызметкері ессіз күйде табылды. Оқиға орнына келген мамандар екі қызметкердің қайтыс болғанын анықтады. Тағы бір зардап шеккен қызметкер ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы тұрақталды", - делінген хабарламада.Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр, қайғылы оқиғаны тергеу мақсатында арнайы комиссия құрылды.KAZ Minerals тобының басшылығы мен ұжымы қаза болған қызметкерлердің туған-туыстарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасты.

Дереккөз: Tengrinews.kz

3 желтоқсан 2018, 18:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.