Атырау, 24 сәуір 19:49
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Назарбаев Путинмен достығы жайлы: бұл ерекше оқиға

1 685 просмотра

Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік БАҚ-қа берген сұхбатында Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасын үлгі тұтарлық деп атады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Россия 1" телеарнасына берген сұхбатында Қазақстан мен Ресейдың өзара ынтымақтастығын айта келе, қос елдің арасындағы қарым-қатынасты үлгі тұтарлық деп атап, егер басқа елдер көршілерімен осындай қарым-қатынас жасайтын болса, әлем дәл қазіргідей қиындықты бастан өткермеуші еді деді. 

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей басшысы Владимир Путинмен қатынасы өзара сенімге негізделгенін атап өтті.

"Алғашқы күндерден бастап байланысқа шығып, мәселелерді шешіп келеміз. Айта кететіні, өте күрделі мәселелерді бірлесіп шешуге тура келді. Ол шекараны анықтау: жалпы шекара 7,500 километрге созылып жатыр және әрбір метр, әрбір километрді тізімдеу керек болды… Қытаймен қанша екені есіңізде ме?.. Жүз жыл бойы шеше алмаған еді", — деді Қазақстан президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев сонымен қатар Каспий теңізіндегі шекараны анықтау да оңай болмағанын атап өтті.  

"Ресей ғарыш ісінде негізгі ғарыш айлағы саналатын Байқоңыр ғарыш айлағының проблемасын алайық. Мұның бәрі Владимир Владимировичпен қазірге дейін жалғасып келе жатқан жақсы қарым-қатынастың арқасында шешілді. Осы уақыт ішінде ТМД-да да, ЕурАзЭҚ-да да барлық мәселені бірлесіп шештік", — деп толықтырды мемлекет басшысы.  

Сондай-ақ Қазақстан президенті біздің еліміз көршілермен болашақта да жақсы қарым-қатынас орнатуға ниетті екенін және өзара ынтымақтастық олардың дамуына көмектесетінін атап өтті.

"Қазақстанның болашағын қалай көреміз? Қазақстанды шекарамыз ұзаққа созылып жатқан Ресейден бастап Орталық Азиядағы көршілерімізден бөлек қарастыра алмаймыз. Қытай Халық Республикасымен де дәл сондай жағдай –  екі мың шақырымға тарта шекарамыз бар. Олардың дамуы мен  хал-ахуалына бәрі тәуелді болмақ: "Өз жеріңе егін еккенде, көршіңнің жерін арамшөп басып жатса, онда сенің жеріңе де арамшөп өседі" деген сөз бар. Сондықтан біз сауда жасайтын көршілеріміздің дамығанын қалаймыз", — деп түйіндеді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске сала кетейік, 1 желтоқсанда қазақстандықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтті. Бұл күні мерекелік шаралар өткізілді, ал Ақорданың маңындағы алаңда Қазақстан Республикасы президентінің байрағын көтеру салтанатты рәсімі өтті.

Дереккөз: sputniknews.kz

3 желтоқсан 2018, 18:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.