Атырау, 29 наурыз 10:55
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Тимур Құлыбаев ҰОКҚ Атқару комитетіне мүше болып сайланды

1 769 просмотра


Токиодағы Ұлттық олимпиадалық комитеттер қауымдастығының (ҰОКҚ) Бас ассамблеясында Қазақстанның ҰОК басшысы Тимур Құлыбаев 2018-2022 жылдар аралағына ҰОКҚ Атқару комитетіне мүше болып сайланды, деп хабарлайды Today.kz ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кандидаттар әлемдегі 206 ҰОК арасында қаралды. Атқару комитетіне құрлықтық қауымдастықтар ұсынған 24 олимпиадалық қозғалыстың спорт функционері кіреді. Айта кету керек, Тимур Құлыбаев Азия Олимпиадалық Кеңесінің вице-президенті қызметін де атқарады. 

Еске сала кетейік, 28-29 қарашада Жапония астанасында жалпы саны екі жүзден астам елдің Ұлттық олимпиадалық комитеттерінің басшылары, әлемдік спорт ұйымдарының басшылары мен халықаралық спорт федерацияларының президенттері кездесті. Спорттық форумға жалпы есебі 1400-ден аса адам қатысты. Бұл – осы жиынның тарихындағы рекордтық көрсеткіш. 

Дереккөз: today.kz

30 қараша 2018, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.