Атырау, 10 желтоқсан 22:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Жедел ақша – үлкен маржа

10 181 просмотра

Екінші деңгейлі банктер үшін экспресс-несиелер өзінше бір «алтынды желіге» айналды.  Жедел ақшаға халықтың махаббатын қызықтыру - таңертең кезекке тұрдың, түс болмай жатып  3 миллионға дейінгі ақшаны алу - банк қызметкерлерінің айтуынша, қолайлы екен.  Қазір біздің көпшілігіміздің психологиямыз  мынадай - егер «ақылды» теледидарға немесе тәп -тәуір машинаға қаржы жетпей жатса, не болмаса той, мерейтой, құдалық басқа да тойларды өткізу керек болғанда ойланбастан банкке жүгіреміз.

ОҢАЙ ОЛЖА

Тұтыну несиесі ең танымал және пайдалы банк өнімі болды. Алайда банк қызметкерлерінің өздері бұл туралы нақты бір банктерге сілтеме жасамастан құпиялылық негізде айтуға келіседі: – Соңғы бір жарым- екі жыл ішінде біз белсенді түрде кепілсіз тұтыну  несиесіне  баса көңіл бөліп, бөлшек сауда нарығына шықтық, - дейді банктердің біріндегі сауалға жауап беруші. – Бөлшек бизнестегі қызметкерлер штатының  90% - ға жуығы экспресс-несие арқылы жұмыс жасауда. Ипотекаға келетін болсақ, банктің клиенттер үшін қарастырып отырған қайта қаржыландыруына қарамастан ол  мұндай  сұранысқа ие емес. Айталық, кейбір банктердегі алғашқы жарна мөлшері дағдарысқа дейінгі 15% - ға  қайта оралды (дағдарыстан кейін бұл цифр 30% құрады). Тұтыну  несиесі аса сұраныста. Жылдық тиімді мөлшерлеме барлық банктерде бірдей – 27-31% (әдетте, жылдық тиімді мөлшерлемеге клиент төлеуге тиісті барлық шығындар кіреді – С.Т.).  бірақ, соған қарамастан адамдар несие алуда, өйткені олар жылдам рәсімделеді. 

Тұтыну несиесінің өсу беталысы Ұлттық банктің Атырау филиалының статистикасында көрсетілген. Егер өткен жылдың қаңтар-маусым айларында екінші деңгейлі банктер 15,4 млн теңге берсе, биылғы жылы да осы кезең үшін 24,2 млн теңге берген.

 

НЕСИЕГЕ – ТОЙ

Халық банктен қандай қажеттілігі үшін ақша алып отыр.

- Адамдар негізінен той жасауға, құрылысқа және демалысқа  алады. Көбіне қолма-қол ақшаны машина сатып алуға алады, өйткені автонесие алу үшін кепілдік және сақтандыру керек, оның үстіне тұтыну несиесін  қарау мерзімі аз,– дейді банктердің бірінің қызметкері. Біз хабарласқан тағы бір банкте кепілсіз несиелердің үлкен сұраныста екендігін атап өтті:

- Шамасы, қазақтардың менталитеті әсер ететін сияқты: адамдар тойға, мерейтойға, сондай-ақ, халық сұранысындағы тауарларды сатып алуға ақша алады. Барлық несие бойынша тиімді мөлшерлеме бірдей, сондықтан да клиенттер банктерді тек қызмет көрсету мерзімі  бойынша таңдап алады.

Тұтыну несиесі тұрмыстық техника сататын ірі желілерде кең тараған. Дәл осы экспресс-несиелердің арқасында дағдарысқа дейінгі сату көлеміне қол жеткізіп отыр. Әдетте, кейбір ірі желілерде бағаға пайыздар қосылған, мәселен, дәл осы тауар онлайн сатып алушылар үшін 15% арзанға шығады. Халық тұтынатын тауарлар тізімінде қымбат теледидарлар, екі есікті тоңазытқыштар және басқа да ірі тұрмыстық тауарлар жиі байқалады. Көпшілік адамдар өз жоспарларын техника, машина сатып алу, балалардың оқуы немесе отбасылық демалысын несиеге иек артып құрады. Ал, банктер болса, қызығушылық тудырып, несиелеу талабын жеңілдете отырып, өз қызметерін белсенді ұсынады. Респонденттердің бірі жеке бас куәлігі, СТН және ӘЖК, үй кітапшасы болса болды, небәрі 20 минуттың ішінде жауабы берілетін жаңа бағдарламамен мақтанды:

- Демек, жаңа технологияның арқасында бізде толығымен адамгершілік факторлар қарастырылған, кейбір банктерде несие тағдырын әлі күнге несиелік комитет шешеді. Басқа банктерге қарағанда бізде жылдық тиімді мөлшерлеме жоғары, бірақ, экспресс-несие бойынша біз мынадай талаптарды енгіздік: егер несие бір жылға алынса, онда клиент жыл бойына тек сыйақыны ғана төлеп келеді, тек жылдың аяғында ғана негізгі қарызды төлейді. Егер ол оны төлеуге қиналып жатса, біз тағы да бір жылға ұзартамыз, бұл жағдайда банк тек пайыздарды ғана алады. Бұл еңбекақысы төмен адамдар үшін өте қолайлы. Бізде көбіне  несиеге  1 млн теңге  алады.

 

БІЗДІҢ ҚАРЫЗДАРЫМЫЗ

Несиелермен қатар мерзімінде өтелмеген несиелер саны да өсіп отыр. Егер өткен жарты жылда халық тұтынушылық мақсаттағы несиелер бойынша 42,2 млн теңге бережақ болса, қарыз мөлшері  55,4 млн теңгеге дейін өсті.

- Мерзімімен өтелмеген несиелер артып келеді,– дейді банк қызметкерлері.  – Соған қарамастан банктер тұтыну  несиесін беруді жалғастыруда, өйткені олар қайтарылымы төмен болса да барынша пайдалы.

Көптеген банктер ақшаны шетелдік банктерден алып отыр, олар мерзімдеріне байланысты - қысқа  мерзімді ақшалар 3-4%, ұзақ бес жылдық ақшалар –  8-10%. Бөлшек, яғни, жеке тұлғалармен жұмыс іс жүзінде барлық банктерде  жалпы несиелеу көлемінің  40% құрайды(бірінші орында ШОБ және корпоративті несиелеу).

Жоғарыда атап өткендей, бөлшек нарықта несиелер жылдық  27-31%, соған сәйкес, банктерде қомақты маржа пайда болады. Бөлшек нарықтағы жоғары пайыздар - бұл өзінше тәуекелділік үшін мөлшерлеме. Айталық, шағын және орта бизнесте жұмыс жасап жүрген клиенттер қайтарып бермеген жағдайда банк қашан да кепілдік мүлікті сатып, есесін қайтарып ала алады. Бөлшек нарықта кепілдік жоқ, сондықтан да банктер қайтарып бермеу тәуекелдігін алдын-ала пайыздарға кепіл төлем түрінде енгізеді. 

Борышкерлерге келетін болсақ, банктерде қазір алақол клиенттердің жоқ екендігін айтады. Олар бір кездері сауалнама мәліметтері бойынша несие берілген тұста болған, онда

клиенттер жалған жұмыс орындарын көрсеткен, еңбекақыларын жоғары етіп жаздырған. Сондықтан да дағдарысқа дейін көптеген алаяқтық жағдайлар орын алды. Дағдарыстан кейін несиелер тек бір жылғы табысы расталған жағдайда ғана берілетін болды.  Міндетті қауіпсіздік шаралары ретінде зейнетақы қорынан дәлел, бейнебақылау  және клиентті суретке түсіріп алады. Банктік жүйеге  кезекті қауіп төніп тұрған жоқ па деген сауалымызға банк қызметкерлерінің бірі былай деп жауап берді:

- Бұл қысқа мерзімді несиелеу, яғни, ақшалар тез қайтарылады. Дағдарысқа дейін банктер шетелден ең көп дегенде 7 жылға, ал, ипотеканы өте ұзақ мерзімге – 10-15 жылға берді, соған сәйкес, ақша ұсақ сомалармен кері қайтарылды, ал сыртқы несие берушілерге өтемақы сомалармен қайтарылды.

 

ИПОТЕКАНЫҢ БӘРІ АДЖИПТЕ

Банктер үлесті құрылысқа қатысты жайсыз жағдайға тап болғаннан кейін бірде-бір банк қазір бұл бағытта жұмыс жасамайды. Ипотеканың танымалдығы төмен. Атырау облысы бойынша ипотекамен тек ТШО және Аджип ККО секілді ірі компаниялармен келісім шарт жасасқан екі банк қана жұмыс жасайды. Бұл банктердегі ипотеканың деңгейі өсіп барады, бірінішіден, шетелдік компанияның қызметкерлерінің еңбекақысы жоғары, ал, екіншіден, олардың компаниясы сыйақы төлеуді өз мойындарына алып отыр. Соған сәйкес барлық қызметкерлер ипотека есебінен пәтер сатып алуға тырысады, өйткені бұл тегін ақшалар, өйткені олар тек негізгі қарызды ғана төлейді. Басқа банктер бойынша ипотека орташа есеппен алғанда берілген несиенің жалпы көлемінің бір айда 8%-ын  құрайды.

Ұлттық банктің облыстық филиалының мәліметтері бойынша, жер мен жылжымайтын мүлікті кепілдікке салған соңғы жарты жылда 22,2 млн теңге берілді,  2012 жылдың 1 шілдесіндегі бережақ – 81 млн теңгені құрады  (2011 жылдың 1 маусымында  – 73,5 млн теңге).

Ұлттық банкте соңғы 2 жылда борышкерлерге қатысты жағдай екінші деңгейлі банктердің сыйақыны, өсімді және қосымша несие уақытын созу  акциясының арқасында барынша тұрақтандырылды.

 

ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК НАРЫҒЫ ҚАЛҒЫП ТҰР

Жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдайға қатысты «Экспресс-Атырау» мүлік жөніндегі агенттік директоры Андрей БУРОВ былай дейді:

- Егер мұны осыдан екі жыл бұрын болған жағдаймен салыстыратын болсақ, қазір айтарлықтай төмендеу байқалады. Менің ойымша, жылжымайтын мүлік нарығындағы сұраныс 80% төмендеді. Қазір бір пәтер жарты жылдан бір жылға дейін сатылады, бұрын  2-3  айда сатылып кетеді. Пәтерді сатып алу барысында сатып алушы оның өтімділігіне мән береді. Айталық, егер бұрын адамдардың қолында 150-200 мың доллар болды, олар бұл ақшаға екінші нарықтағы екі пәтерді сатып алатын еді. Ал, қазір ол жаңа үйден 5 жылдан кейін оны сата алатындай және салынған қаржыны қайтарып алу үшін  біреуін ғана сатып алады.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

22 тамыз 2012, 21:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.