Атырау, 27 сәуір 21:26
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Назарбаев тарифтерді төмендету туралы: Премьер-министр мен үкімет шара қабылдамаған

1 886 просмотра


Президент энергетика министрімен кездесу барысында тарифті төмендету бойынша жұмысты талқылады. Ақордадағы кездесу барысында энергетика министрі Қанат Бозымбаев президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қауіпсіздік кеңесі отырысында берілген тапсырмалардың орындалуы туралы есеп берді.

Естеріңізге сала кетсек, Қауіпсіздік кеңесінің отырысы 7 қарашада өтіп, электр энергиясы мен жылу тарифтеріне арналған болатын. Сол кезде президент жарық тарифін төмендетуді тапсырып, монополияға қарсы органның жұмысын сынға алған еді.

"Жыл сайын энергетика министрлігі үкімет отырысында тарифтерді төмендету қажеттігі жөнінде баяндап келді. Бұл мәселелер бойынша премьер-министр мен үкімет шаралар қабылдамады. Осы салада тәртіп орнатуды бәріне тапсырамын. Жауапты ведомстволардың бәрі министрліктің қарамағында болуға тиіс немесе үкімет бұл процесті өзі үйлестіргені жөн", – деді Нұрсұлтан Назарбаев энергетика министрімен кездесу барысында.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы министрліктің электр энергиясы нарығындағы тарифтерді реттеу жөніндегі тәсілдерін мақұлдап, бірқатар нақты тапсырма берді. 

Қанат Бозымбаев президентке желтоқсан айының бірінші онкүндігінде сауда бәсекесі өткізілетінін, соның нәтижесінде қуаттылық тарифі анықталатынын мәлімдеді.

"Желтоқсан айының бірінші онкүндігінде электр энергиясының шекті тарифтерін бекітеміз. Олар станциялардың типтеріне қарай әртүрлі болады. Бірақ, станцияның түрлеріне байланысты, орташа есеппен алғанда, 5 пайыздан 20 пайызға дейін төмендейтін болады", – деді энергетика министрі. 

Бұдан бөлек, кездесу барысындаНұрсұлтан Назарбаев тарифтерге бақылау жүргізу жауапкершілігі энергетика министрлігіне ғана емес, монополияға қарсы комитетке де жүктелгенін атап өтті. 

Дереккөз: sputniknews.kz

30 қараша 2018, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.