Атырау, 23 сәуір 11:44
 бұлттыВ Атырау +26
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

​Қазақстандықтардың зейнетақы активтері қайда инвестицияланған

1 620 просмотра


ҚР Ұлттық банкі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) зейнетақы активтері қайда инвестицияланғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Атап айтқанда, 2018 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінің көлемі 9 051,9 млрд теңгені, оның ішінде теңгемен номиналданған ақша қаражаты мен қаржы құралдары 6 248,7 млрд теңгені немесе 69 пайызды, сондай-ақ шетел валютасында номиналданған ақша қаражаты мен қаржы құралдары 2 803,2 млрд теңгені немесе 31 пайызды құрады.

2018 жылғы қазанда теңгемен номиналданған зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 42,2 млрд теңгені құрады (ақша нарығының құралдарына жасалған инвестицияларды есепке алмағанда). Оның ішінде жылдық 9,3 пайыз кірістілігі бар 10,0 млрд теңге сомаға «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ облигациялары; жылдық 9,5 пайыз кірістілігі бар 5 млрд теңге сомаға Еуразиялық даму банкінің облигациялары; экономиканы қолдау үшін ҚР екінші деңгейдегі банктерін қаржыландыру жөнінде жарияланған бағдарлама аясында жылдық 11,9 пайыз орташа сараланған кірістілігі бар жалпы сомасы 27,2 млрд теңгеге екінші деңгейдегі банктердің облигациялары сатып алынды. 

Бұдан бөлек, 2018 жылғы қазанда шетел валютасында номиналданған зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 131,3 млрд теңге болды. Оның ішінде жылдық 2,3 пайыз кірістілігі бар 74,7 млрд теңге сомаға АҚШ-тың қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары; жылдық 4,2 пайыз орташа кірістілігі бар 12,7 млрд теңге сомаға АҚШ долларында номиналданған Перудің мемлекеттік бағалы қағаздары сатып алынды; жылдық 3,8 пайыз кірістілігі бар 1,5 млрд теңге сомаға АҚШ долларында номиналданған Филиппиннің мемлекеттік бағалы қағаздары сатып алынды. 

Мұнымен қоса, жылдық 4,1 пайыз орташа алынған кірістілігі бар жалпы сомасы 28,5 млрд теңгеге доллармен номиналданған Қытайдың квазимемлекеттік секторы эмитенттерінің облигациялары; жылдық 4,5 пайыз орташа алынған кірістілігі бар жалпы сомасы 13,9 млрд теңгеге АҚШ долларында номиналданған Чилидің квазимемлекеттік секторы эмитенттерінің облигациялары сатып алынды. Инвестициялық қызметтің нәтижелеріне тоқталсақ, 2018 жылғы 10 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 765,3 млрд теңгені құрады.

Дереккөз: inform.kz

29 қараша 2018, 14:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.