Атырау, 2 наурыз 05:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 497.56
€ 586.92
₽ 6.44

Астанада екінші ауысым оқушылары үшін сабақ болмайды

1 670 рет қаралды


Оған ауа райының қолайсыздығы себеп болып отыр. Астанада 0-11 (12) сынып оқушылары үшін сабақ болмайды, деп хабарлайды BNews.kz қалалық Білім басқармасына сілтеме жасап.

"29 қарашада ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушылары үшін сабақ болмайды", - делінген таратылған хабарламада.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Қазақстанның аумағы белсенді фронтальды аймақтың ықпалында орналасуына байланысты елімізде жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын болады, жел күшеюі сақталады, солтүстікте бұрқасын соғады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы күтіледі.

Дереккөз: bnews.kz

29 қараша 2018, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.