Атырау, 29 наурыз 16:53
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Салынып жатқан үйден пәтер алу үшін екі жылда ақша жинауға болады - Зерттеу

1 338 просмотра


Жас отбасына депозит төлемі 10,5 пайыз болған жағдайда салынып жатқан үйдегі пәтердің алғашқы жарнасына ақша жинау үшін шамамен 25 ай уақыт керек. Мұндай пікірді Ranking.kz сарапшылары айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі.

Сарапшылар жүргізген зерттеуге сүйенсек, ірі қалалардың тұрғындары Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қорының бағдарламалары бойынша тез уақыт ішінде ақша жинай алады екен. 

Мысалы, Оралда жас отбасылар - 16 айда, Атырау, Ақтау, Павлодар, Қызылорда және Тараздағылар 17 айда алғашқы жарнаны жинай алады. Ал ақша жинауға біраз уақыт кететін қалалардың тізімінде Шымкент - 40 ай, Алматы және Өскемен (26 ай) тұр. 

"Салынып жатқан үйлердегі пәтерлердің бағасы пайдалануға берілген пәтерлердің бағасынан 20 пайызға арзан. Салынып жатқан үйдегі пәтердің шаршы метрі 212,3 мың теңге, бір бөлмелі пәтерді онда 7,5 миллион теңгеге алуға болады", - делінген сарапшылардың зерттеуінде

Дереккөз: tengrinews.kz

29 қараша 2018, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.