Атырау, 24 желтоқсан 05:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​ҚР Парламенті жаңа үш жылдық бюджетті қабылдады

1 467 рет қаралды


Қазақстан Парламенті «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңын қабылдады. Атап айтқанда, бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары құжатқа Сенат енгізген өзгерістермен келісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Биылғы 26 қарашада «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы Сенаттың жалпы отырысында қаралды. Парламент Сенаты 89 түзету енгізді, олардың ішінде алты түзету бұл заң жобасы мәтініндегі өзгерістерге қатысты. Өйткені республикалық бюджеттің кіріс және шығыс бөліктеріне өзгерістер енгізілді. Сегіз түзету бюджеттің кіріс туралы өзгерістеріне байланысты. Ол 2019-2013 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің нақтылануына, сондай-ақ Түркістан облысының және Шымкент қаласы бюджеттерінің реттелуіне қатысты», - деді депутат Аманжан Жамалов. 

Оның сөзіне қарағанда, 73 түзету қаражаттың қайта бөлінуіне байланысты, яғни республикалық бюджеттің шығыс туралы өзгерістерін қамтыды.

«Екі түзету Ұлттық қорға бағытталған. 2019 жылға арналған түсімдер көлемінің өзгеруімен байланысты, себебі бір баррель мұнай бағасы 60 АҚШ долларынан 55-ке дейін төмендеді», - деді депутат. 

Белгіл болғандай, жалпы сомасы 50,5 млрд теңге қаражат қайта бөлінді. Ол Президенттің Жолдауы аясында берілген басым міндеттерін шешуге негізделген. 

Естеріңізге сала кетейік, дүйсенбі күні Сенат депутаттары палатаның жалпы отырысында «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын талқылап, құжатты Мәжіліске қайтарды. Бұған  Үкіметтің 2023 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамын нақтылауы себеп болды. Бұған дейін хабарланғандай, Үкімет теңгенің АҚШ долларына бағамын қайта қарады.

Дереккөз: inform.kz

28 қараша 2018, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.